14 қаңтар 2020 5784

Сәтбаев университеті сайтында Alumni рубрикасы ашылды

Сәтбаев университеті сайтында Alumni рубрикасы ашылды

Сәтбаев университетінің Ректоры Искандер БейсембетовҚазіргі Қазақстанның ғылыми-техникалық және саяси элитасының қара шаңырағы, аты аңызға айналған Политех – 85 жаста! Дәл осы жылы біз қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылын атап өтудеміз.

Осылайша тарихтың даңғыл жолдары мен Сәтбаев университетінің тамаша талпыныстарының бағыты бір жылда түйісіп отыр. Оның үстіне IQAA агенттігінің биылғы жылғы рейтингісі бойынша біздің университет Қазақстан техникалық университеттері арасында үздік атанып, еліміздің инновациялық орталығын дамытуда бір қадам алға басып отыр.

Дәл осы жылы біз де өз сайтымызда жаңа бөлім ашып отырмыз, ол әйгілі Политех түлектерінің қауымдастығына арналады. Елге кеңінен танымал белгілі қайраткерлердің есімдері университетпен тығыз байланысты. Ал олар туралы естеліктер қашан да жас ұрпаққа үлгі-өнеге, кәсіби білім жолын таңдауға дұрыс бағыт береді.

Біз өз түлектерімізді – ғалымдарымызды, белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін, инженерлер мен құрметті ұстаздарды мақтан тұтып, жоғары бағалаймыз. Бірнеше ондаған жылдар бойы өз таланты мен рухани шабытын еліміздің дамуы мен көркеюіне жұмсап келе жатқан дарын иелерін қашан да құрметтейміз!

Университет ұжымы атынан барлық түлектерді alma mater-дің мерейлі тойымен шын жүректен құттықтаймын және Alumni қатарына қосылып, бүгінгі жас инженер кадрлары үшін жүрек жарды сұхбат бергендеріңіз үшін зор алғыс айтамын! 

Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

 
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту