13 желтоқсан 2019 4809

Сәтбаев университеті «Scopus Award» сыйлығына ие болды

Сәтбаев университеті «Scopus Award» сыйлығына ие болды

Үстіміздегі жылы 12 желтоқсан күні «Scopus Award 2019» сыйлықтарын салтанатты түрде табыс ету шарасы аясында еліміздің ғылыми-зерттеу ұйымдарының ең үздік ғылыми жарияланымдарының авторлары ерекше аталып өтті. Салтанатты жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.

Сәтбаев университеті осы жиында аталмыш сыйлықтың «High Performance Award» номинациясы бойынша үздік атанып, университет атынан техника ғылымдарының докторы, Инженерлік академияның мүше-корреспонденті Найман Қалабаев жүлдені қабыл алды.

«Scopus Award – Elsevier» – халықаралық мерейлі сыйлық, ол дүние жүзі ғалымдарының тамаша жетістіктері үшін беріледі. «Scopus Awards» сыйлығы алғаш рет 2004 жылы Қытайда табыс етілді, содан бері Латын Америкасы, Азия, Европа және Ресей ғалымдарының үздік ғылыми жарияланымдары үшін осы сыйлық беріліп келеді. Ғалымдар рейтингісінің негізіне мақалаларының сілтемелік рейтингісі, белгілі халықаралық «Scopus» және «Web of Science» деректер базасына енетін жетекші журналдарда жарық көрген мақалалар саны алынады. Аталмыш сыйлық ғалымдарды белсенді түрде қызмет етіп, өз ғылыми дәрежесін арттыруға, сөйтіп жас ғалымдар арасында кәсіби біліктілігімен танымал болуға ынталандырады.

Сәтбаев университетінің қол жеткізген тамаша табысы республикамыздағы ежелгі техникалық жоғары оқу орны халықаралық деңгейдегі заманауи технологияларды меңгерген жүйелі білім беру орталығына айналғанын айқын дәлелдейді. 

Сәтбаев университеті «Scopus Award» сыйлығына ие болды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту