Сәтбаев Университеті Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен ынтымақтастықты бастауда
Сәтбаев Университетіне ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін Сеул Ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) делегациясы келді. Делегацияны SeoulTech университетінің президенті профессор Донг Хван Ким және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры профессор Джихонг Хванг басқарып келді.
SeoulTech – Сеул мемлекеттік университеті, ол өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерия және технология саласындағы үздік университеттердің бірі болып саналады. Бұған – SeoulTech университетінің QS рейтингі бойынша әлемде 1001 және ұлттық рейтингте 35-орын алатындығы куә болады. Сонымен қатар SeoulTech – университеттердің «OpenCourseWare Consortium» элиталық қауымдастығының мүшесі, онда 20 мыңға жуық студент білім алады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен SeoulTech университетінің президенті, профессор Донг Хван Ким қол қойып, жылы достық жағдайда құттықтау сөз сөйледі. Алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың негізгі бағыттары – студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық, жалпы ғылыми және білім беру бағдарламалары, бір-бірінің білімін байыту үшін өзара ғылыми материалдармен, жарияланымдармен және ақпараттармен алмасу, білім беру тәжірибесімен және мәдени тұрғыда алмасу. Сондай-ақ екі тарап өкілдерінің қатысуымен семинар, симпозиумдар және басқа да танымдық, ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Екі жетекші университет әріптестік қарым-қатынасты нығайтуды және ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр, соны талқылау үшін жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «500 ғалым» жобасы бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл бағдарлама Қазақстанның әртүрлі қалаларының ғалымдарына біліктілігін арттыру үшін әлемнің үздік ғылыми орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Меморандумға қол қою рәсімі Сәтбаев Университеті мен SeoulTech арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Ресми бөлімнен кейін SeoulTech делегациясы Сәтбаев Университетінің кампусын аралап, оның инфрақұрылымымен және ғылыми жобаларымен танысты.
Бұл іс-шара инновациялық прогреске және өзара білім алмасуға ықпал ететін халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ғылыми байланыстарды дамыту жолында маңызды қадам болмақ.