Ақпарат:

2 сәуір 2021 2419

Сәтбаев Университеті Шот-Аман Уалихановтың отбасына көңіл айтады

Сәтбаев Университеті Шот-Аман Уалихановтың отбасына көңіл айтады

30.03.2021 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ халқының жалпы қоғамдық мәдениетіне баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлғасы өмірден озды.

Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлының үш салада жасаған еңбегі орасан еді. Сәулетші! Драматург! Қоғам қайраткері! Біздің жүрегімізде мәңгілік есте қалады!

Шота Уәлиханов - көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, монументалды өнер саласындағы ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының құрметті азаматы, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Шығыс елдері халықаралық Сәулет академиясының академигі, Қазақстанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі үшін тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының құрметті президенті, Қазақстан Республикасы көркемөнер Академиясының академигі, Халықаралық Сәулет академиясының толық мүшесі, Сәулетшілер одағының, Суретшілер Одағының, дизайнерлер Одағының және ҚР Жазушылар Одағының мүшесі.

Шота Уәлиханов - көптеген белгілі ғимараттар мен құрылыстар жобаларының біріккен авторы: Алматы қаласындағы 25 000 көрерменге арналған республикалық стадион, "Динамо" стадионы, "Универсам" сауда орталығы, Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты, "Казгипрозем" ғимараты (қазір Қазақстан-Неміс университеті).

Шота Уәлиханов - Ұлы ақын Абайдың туған жеріне арналған Қарауыл ауылындағы, Шоқан Уәлиханов сынды қазақ халқының көрнекті қайраткерлеріне арналған ескерткіштер мен бюсттердің авторы. Оның қолымен Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Н Алдабергенов, Т.Бегельдинов, Д.Қонаев және Қазақстанның басқа да көптеген саяси, ғылыми және мәдени қайраткерлеріне ескерткіштер жасалды.

Драматург Шота Уәлиханов - "Тағдыр", "Шоқан анты", "Ақнұр" және тағы басқа пьесалардың авторы.

Өз шығармашылығында ол әрдайым болашаққа қарап, өзінің іске асырылуын күтетін бірқатар қызықты жобаларды: "Мыңжылдық және XX ғасыр монументі", "Даңқ пантеоны","Жер-Ана монументі", "Қазақстан халықтарының әлемі сарайы" және басқалар жасады.

Шота Уәлихановтың Қазақстанның мәдениетіне, өнері мен сәулетіне қосқан үлесі өлшеусіз әрі баға жетпес, оның бірегей дарыны - отандық және әлемдік мәдениет қайраткерлерінің көптеген ұрпақтарына шабыт беретін үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын өз халқына және Отаны - Қазақстанға қызмет етуге арнады.

Сәтбаев университетінің ұжымы Уәлиханов Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту