10 қазан 2017 9533

Сәтбаев университеті – Springer Nature сыйлығының жеңімпазы

Сәтбаев университеті – Springer Nature сыйлығының жеңімпазы

2017 жылы 6 қазан күні Springer Nature Open days байқауын қорытындылау мақсатында Алматы қаласында Springer Nature Awards жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Сәтбаев университеті Springer Nature журналында үнемі мақалалар жариялап, белсенділік танытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Қазақстанның жиі жарияланушы үздік ұжымы» ретінде жеңімпаздар қатарына ілікті. Жаратылыстану ғылымы саласындағы дүниежүзілік ең ірі баспалардың бірі Сәтбаев университеті ғалымдарының журнал бетінде жарық көрген мақалаларын өте жоғары бағалап, оларға сертификат тапсырды.

Марапаттау рәсімі барысында Springer Nature баспасының президенті Аздаа Котани Орталық Азия мен Қазақстан ғалымдары өкілдерін атаулы сыйлықтарымен құттықтап, ғалымдар арасындағы ынтымақтастық байланыстың маңыздылығын атап өтті. Осы іс-шара аясында сонымен бірге Nature Physics журналының бас редакторы Барта Верберка қазақстандық авторлар мен ғылыми журналдар редакторлары үшін халықаралық шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты әлемдік рейтингтік журналдарда жарық көретін қазақстандық мақалалар санын көбейтуге арналды.

Springer Nature баспасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қазақстанда осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оны Springer Nature баспасы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалық орталықпен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Springer Nature баспасы – 2015 жылы Macmillan, Nature Publishing Group және Springer Science+Business Media баспаларын біріктіру нәтижесінде пайда болған халықаралық баспа. Ғылыми-технологиялық және инновациялық жобаларды қолдауда оның тәжірибесі өте мол, жыл сайын 9000-нан астам кітап пен 3000-нан астам журналдарды жарыққа шығарады. Қазақстандық авторлардың 100К20 жобасы аясында халықаралық аренада жарық көретін жарияланымдарына қолдау көрсетіп отырады. Бұл жоба бойынша 2020 жылға дейін 100 мың жарияланым жарыққа шығады.

Фото tengrinews.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту