23 қыркүйек 2020 4742

Сәтбаев университеті "Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі" онлайн өтеді

Сәтбаев университеті  "Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі" онлайн өтеді

Сәтбаев университетінің дәстүрлі "Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі" 27 қыркүйек күні сағат 15:00-де онлайн режимінде өтеді. Трансляция Instagram және Youtube желілерінде Satbayev Time қауымдастығының бетінде өтеді.

Студенттік қауымдастықтар университет өмірінде маңызды рөл атқарады, сондықтан жыл сайын қыркүйек айында дәстүрлі түрде "Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі" өтеді, оның барысында бірінші курс студенттері әр қауымдастық туралы көбірек біліп, өмірлік достарын таңдай алады.

Биыл жәрмеңке дәстүрлі емес форматта өтеді. Онлайн-трансляция өтеді, оның барысында әрбір қауымдастық өкілдері 5 минут ішінде өз ұйымдары туралы айтып, сұрақтарға жауап береді. Трансляция кезінде ұтыс ойыны өткізіледі.

Өзіңіз үшін қауымдастықтардың бірін таңдаңыз!

 

Satbayev Hunterz (@satbayevhunters)

Бұл қауымдастық мектептермен жұмыс жасайды және университеттің барлық іс-шараларына қатысады. Жайлылық аймағынан шығып, көшбасшылық қабілеттерін дамытқысы келетіндер үшін.

SPE SC (@kntu.spe)

Университеттің ең ірі студенттік қауымдастығы. Қауымдастықтың негізгі бағыты - Мұнай-газ индустриясы. Key study, Oratory club, Study project, Oil games, пікірсайыс, Movie club, тимбилдинг, Хэллоуин  немесе Жаңа жыл кеші сияқты іс-шаралар өткізеді!

Enactus (@enactus.su)

Университетте бизнес бастағысы келетін студенттерден құралған топ. Халықаралық қозғалыстың бөлігі ретінде қауымдастық мүшелері басқа қалалар мен елдерге барып, көптеген жаңа мүмкіндіктер аша алады.

SKIF (@skifsproject)

Қайырымдылық іс-шаралар, тренингтер, спорттық жарыстар, билер, тимбилдингтер, тауға сапарлар ұйымдастыратын және қатысушыларға жасырын таланттарын ашуға көмектесетін қауымдастық.

LV Satbayev (@lv_satbayev)

Сәтбаев Университеті  Еріктілер лигасы — белсенді қауымдастық, қызықты жобалар мен қойылымдардың бастамашысы.

Technokrat (@technokrat_idc)

"Технократ" дебат клубы – университеттегі ең атақты ұйым. Жүлде қоры бір жарым миллион теңгеге дейінгі жыл сайынғы "Technocup" турнирін өткізеді және Қазақстанның түрлі қалаларына турнирлерге жиі шығады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту