Сәтбаев Университеті "Тәуелсіз Қазақстан" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді
2021 жылдың 17 қарашасында сағат 10.00-де Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы «Тәуелсіз Қазақстан: 30 жыл сабақтары мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті. Қатысушылар үшін Satbayev University оқу ісі жөніндегі проректоры Б.А.Жәутіков, қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қ.Т.Анасова және профессор Меңдіқұлова Г.М құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық мәжілісте тарих ғылымдарының докторы, профессор Меңдіқұлова Гүлнар Малбағарқызы, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Герман зерттеулері орталығының директоры Губайдуллина Мара Шауқатқызы, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-нің профессоры Жанбосинова Альбина Советовна және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Бухаева Анара Арынғазинқызы сөз сөйледі. Профессор Г.М.Меңдіқұлова модераторы болды.
Секциялық отырыстарда шетелдік спикерлер сөз сөйледі: РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Сібір басқару институтының халықаралық қатынастар және гуманитарлық ынтымақтастық кафедрасының меңгерушісі, Ғылыми-білім беру орталығының директоры Наталья Михайловна Маркдорф, Варшава университетінің профессоры С.Иванык.
3 секцияда Қазақстанның тәуелсіздік тарихы, тәуелсіз Қазақстанның философиялық және мәдени аспектілері және халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша 25 баяндама жасалды.