11 наурыз 2021 2701

Сәтбаев Университеті THE Emerging Economies Universities Rankings рейтингіне алғаш рет енді

Сәтбаев Университеті THE Emerging Economies Universities Rankings рейтингіне алғаш рет енді

Сәтбаев Университеті алғаш рет THE Emerging Economies Universities Rankings рейтингіне енді!

Жоғары оқу орындарының ең беделді халықаралық Times Higher Education Emerging Economies Universities Rankings 2021 рейтингінде Сәтбаев Университеті құрметті 351–400-орынды еншіледі.

Бұл рейтинг экономикасы дамып келе жатқан елдер университеттерінің әлемдік аренадағы орнын (FTSE Group классификациясы бойынша) сараптап, бағалайды. Биылғы жылы осы рейтингке қатысушылардың рекордтық саны – әлем бойынша 48 елден 606 жоғары оқу орны қатысты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 14%-ға артық.

Рейтингқа алғаш рет қатысқан 86 университеттер қатарына енгізілген Сәтбаев Университеті Қытайдың, Ресейдің, Оңтүстік-Шығыс Азия, Араб аймағы елдерінің, Латын Америкасы мен Шығыс Еуропаның ең үздік университеттерімен салыстырылды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының осы рейтингке қатысқан үш жылы ішінде Сәтбаев Университеті еліміздегі ҚазҰУ мен ЕҰУ сияқты көпсалалы университеттермен қатар техникалық университеттердің өкілі ретінде алғаш рет осы рейтингке еніп отырғанын атап өткен жөн.

Рейтинг әдістемесі бойынша бес санатқа топтастырылған 13 көрсеткіш бағаланады, атап айтқанда: оқыту (білім беру ортасы); зерттеу (зерттеу жұмыстарының көлемі, табысы және беделі); дәйексөздер (зерттеулердің әсері); халықаралық перспективалар (зерттеу қызметімен айналысатын шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, шетелдік студенттердің үлесі және халықаралық бірлескен авторлық); зерттеу жұмыстарынан өнеркәсіпке және коммерциялық секторға түскен табыс (білім алмасу).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту