10 қаңтар 2023 3270

Сәтбаев Университеті Ұлықпан Сыдықовты мерейтойымен құттықтады

Сәтбаев Университеті Ұлықпан Сыдықовты мерейтойымен құттықтады

Осы жылы 10 қаңтар күні Сәтбаев Университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, «Ақсақалдар алқасы» кеңесінің төрағасы, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ эстрадасының аңызы Ұлықпан Сыдықовтың туғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық бағдарлама мен мерекелік концерт өтті.

Жиынға келген қонақтар алдымен университетке экскурсия жасап, оның жетістіктерімен танысты. Конференцияда қонақтарды университеттің Академиялық істер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков қарсы алды, ал университет ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау сөз сөйлеп, жиынды ашты. Мерейтойлық салтанатты жиынды әрі қарай университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров жүргізді. Құттықтауларға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстанның көптеген көрнекті қайраткерлері қосылды.

Қонақтардың назарына Ұлықпан Сыдықовтың өмірі мен қызметі және отбасына арналған бейнефильм ұсынылды, сондай-ақ олар «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндерін тыңдап, «Виват» шоу-балетінің өнерін тамашалады.

Мерейтойлық бағдарлама аясында университетте Ұлықпан Сыдықовтың қызметі мен шығармашылығына арналған «Рухани әлем және ақпараттық-техникалық қоғам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Сәтбаев Университетінің ұжымы Ұлықпан Есілханұлын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!

Satbayev University чествует Улыкпана Сыдыкова

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту