21 желтоқсан 2023 2432

Сәтбаев Университеті вице-министрді «Цифрлық университет» жобасы жөніндегі жұмысымен таныстырды

Сәтбаев Университеті вице-министрді «Цифрлық университет» жобасы жөніндегі жұмысымен таныстырды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова «Цифрлық университет» жобасы аясында жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетіне келді. Университет басшылығы вице-министрді университеттің цифрлық инфрақұрылымымен таныстырды. Кездесуге жиналғандар жобаның алдағы жұмысы мен даму жолдарын талқылады.

«Цифрлық университет» жобасы аясында пилоттық университет ретінде Сәтбаев Университеті таңдап алынған болатын, осыған байланысты университет енді білім беруді және университеттің күнделікті жұмысын цифрландыру мен автоматтандыру ісіне көп көңіл бөледі. Студенттер мен университет қызметкерлерінің кері байланысы үшін жасалған SU Solutions қосымшасы қазір кеңейтіліп, көптеген әртүрлі функцияларды, атап айтқанда, аудитория жалға алудан бастап, оқу ақысын төлеуге дейінгі қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз етіп отыр.

Университетте IT білім беру аясында Coursera компаниясымен серіктестік орнатылды, сонымен қатар университеттің өзінің бірқатар онлайн курстары бар. 2023 жылы Сәтбаев Университеті Қазақстан жоғары оқу орындары арасынан бірінші болып, бакалавриат пен магистратураның 4 білім беру бағдарламасы бойынша онлайн форматта білім беру қызметін көрсетуге лицензия алды.

Сәтбаев Университеті вице-министрді «Цифрлық университет» жобасы жөніндегі жұмысымен таныстырды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту