9 тамыз 2022 3340

Сәтбаев Университеті Webometrics рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Сәтбаев Университеті Webometrics рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Ranking Web of Universities 2021 (Webometrics) әлемдік рейтингінің нәтижесі жарияланды. Бұл рейтинг әр жарты жыл сайын құрастырылады. Осы рейтинг бойынша Сәтбаев Университеті еліміздегі ең үздік бес университеттің қатарындағы өз орнын сақтап қалды. 

Рейтингке 132 жоғары оқу орны қатысты. Оның ішінде еліміздегі үздік университеттер қатарындағы Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев Университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Ал жалпы қазақстандық рейтинг бойынша Сәтбаев Университеті 4-орынға ие болды.

Webometrics Ranking of World Universities – университет сайтының өзектілігін және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus пен Google Scholar ғылыми-метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдар санын ескеретін, өзара біріктірілген көрсеткішке негізделген ғаламдық рейтинг. Аталмыш рейтинг бүкіл әлемде жоғары бағаланатын ең маңызды ғылыми метрикалық рейтингтердің бірі болып саналады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту