Сәтбаев университеті жаңа академиктер мен корреспондент-мүшелерді құттықтайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысына қатысушылардың жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Гидрогеология және геоэкология институтының директоры. Абсаметов М.К Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академик), ал профессорлар Әбетов Ә.Е. пен Юсупов Х.А. корреспондент-мүшелері болып сайланды.
Абсаметов Малис Құдысұлы – Сәтбаев университетінің құрметті түлегі, белгілі ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, 50-ден астам ғылыми еңбектердің және Балқаш аймағының жерасты сулары туралы монографияның авторы. Оның сайлануы – көп жылғы еңбегінің нәтижесі және еліміздің су қоймалары туралы білімді дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалғаны болып табылады.
Әбетов Әуез Егембердіұлы – профессор, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Орталық Азияның және оған іргелес жатқан аймақтардың терең құрылысын, даму тарихын және мұнай-газ қойнауын зерттеп жүрген ғалым. Халықаралық ғылыми қоғамдастықтың (SPE, SEG) мүшесі, 200-ден астам ғылыми жарияланымдардың, ғылыми және өндірістік есептердің, 5 монографияның авторы. Бірнеше жыл бойы ол Өзбекстан Республикасы Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Жоғары аттестациялау комиссиясының сарапшысы болды.
Юсупов Халидилла Абенұлы – тау-кен инженері, профессор, техника ғылымдарының докторы. Ол ғылыми және өндірістік қызметте мол тәжірибе жинады, өзінің бірқатар өнертабыстарын жасап, өндіріске енгізді. 125-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен 5 монографияның авторы. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», II, III дәрежелі «Кенші даңқы», I және III дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгілерімен марапатталған (Ресей).
Әріптестерімізді академик және корреспондент-мүшелер болып сайлануларымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге Ұлттық ғылым академиясының жоғары мүшесі атағын беру Сіздердің ғылыми жұмыстарыңыздың тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен экономикасы үшін өте маңызды екендігін көрсетеді. Жаңа ғылыми жетістіктерге жету жолында Сіздерге жаңа табыс, денсаулық, аманшылық және сәттілік тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ұжымы