Ақпарат:

16 маусым 2025 161

Сәтбаев университеті жаңа белес ашуда: қос дипломдық бағдарламаның алғашқы түлектері Мәскеуде диплом жұмысын қорғады

Сәтбаев университеті жаңа белес ашуда: қос дипломдық бағдарламаның алғашқы түлектері Мәскеуде диплом жұмысын қорғады

Магистрант Азамат Төлегенов – Сәтбаев университеті мен «МИСИС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті (Мәскеу қ.) бірлесіп жүзеге асырып отырған «Өндіруші металлургия» қос дипломды бағдарламасының алғашқы түлегі атанды. Бұл оқиға кафедраның магистратура бағдарламасын дамытудағы жаңа белестің бастамасы болды – әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынастың арқасында университет магистранттары инновациялық зертханалар мен өзекті технологиялық әзірлемелерге қол жеткізе алады.

Магистранттың «Темір тотығы пигментін алу үшін пирит концентраттарын өңдеу технологиясын зерттеу» атты жұмысына алғаш рет екі ғалым жетекшілік етті. Жұмысқа Қазақстан тарапынан ғылыми жетекшілік еткен МПЖТжАМТ зертханасының меңгерушісі, Сәтбаев университетінің профессоры Татьяна Чепуштанова болып, осы сәтті қорғалған диплом үш кафедра жұмысының нәтижесі екенін атап өтті:

– Бастапқыда бағдарлама «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиялары» кафедрасында ашылған болатын, ал кейін оны «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы бітірді. Ресей тарапынан біз «Түсті металдар және алтын» кафедрасымен жұмыс істедік. Менің ойымша, бұл бірінші, бірақ соңғы магистрант емес, әрі бағдарламаның жұмыс жасауы мен дамуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Татьяна Александровна.

Дипломға Ресей тарапынан ғылыми жетекшілік еткен – доцент Ольга Криволапова (МИСИС ҰТЗУ).

«Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы 2025 жылы «Өндіруші металлургия» бағдарламасынан бөлек, тағы «Пайдалы қазбаларды байыту» бағдарламасы бойынша да магистранттарды даярлап шығарады. Бұл бағдарлама Томск политехникалық университетімен бірлесіп жүзеге асырылады. Биылғы жылы барлығы бес түлек екі жоғары оқу орнының қос дипломын алып шығады.

Қос дипломдық білім беру бағдарламалары қазақстандық инженерлік білімді халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялаудың маңызды құралына айналып отыр. Магистратураның қос дипломы бар алғашқы түлектері – университеттің халықаралық білім беру және ғылыми қоғамдастықтың қатысушысы ретінде жетілгендігінің көрсеткіші болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту