Ақпарат:

30 наурыз 2020 6548

Сәтбаев университеті жатақханаларының карантин кезіндегі жұмысы

Сәтбаев университеті жатақханаларының карантин кезіндегі жұмысы

Коронавирус індетінің таралуына байланысты Сәтбаев университетінің студенттері үйлеріне кеткендігіне қарамастан, университет жатақханалары жұмыстарын жалғастыруда.

1845 студенттің 87-і жатақханаларда қалды: 49 адам – № 3 жатақханада; 16 адам – № 4 жатақханада; 13 адам – № 5 жатақханада; Ладыгин көшесіндегі № 5 жатақханада – 9 адам. Жас ғалымдар үйіндегі 278 адамнан 108 адам қалды.

Университеттің № 1 және № 2 жатақханалары Алматы тұрғындарының өмірін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері үшін босатылды. Онда тұратын студенттер №3 жатақханаға ауыстырылды. Жатақханаларда тұратын студенттердің заттары бөлек пакеттерге салынып, мөр басылып, қол қойылып, арнайы қоймаларға орналастырылды.

Жатақханаларда карантин режимі бүкіл қаладағыдай орнатылған. Университет қызметкерлері жатақханаларды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде, залдар, арнайы тұрмыстық бөлмелер мен басқа да бөлмелер күніне екі рет хлорлы сумен тазартылады. Табалдырықтарға хлоркалы кілемшелер төселді.

Студенттер тобы үш адамнан аспауы керек, үлкен залда іс-шаралар өткізуге тыйым салынды, сондай-ақ басқа студенттерге баруға және студенттер қалашығынан шығуға да тыйым салынды. Түнде жатақхананың сыртына шығып, карантинді бұзатындар адамдарға жатақханаға қайтып кіруге тыйым салынады.

Студенттерге аулада серуендеуге рұқсат етіледі, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жатақхана ғимараттарының қасындағы дүкен мен дәріханадан сатып алуға болады. Студенттердің бос уақыты негізінен қашықтықтан өздігінен оқу шеңберіндегі өзіндік жұмыспен айналысумен өтеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту