29 сәуір 2019 5906

Сәтбаев университетінде ағылшын тілінен университетаралық олимпиада өтті

Сәтбаев университетінде ағылшын тілінен университетаралық олимпиада өтті

Алматы қаласының техникалық университеттері арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізу дәстүрге айналып отыр. Ереже бойынша, олимпиаданы алдыңғы жылы жеңімпаз болған студент оқитын университет ұйымдастырады. Өткен жылы техникалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ағылшын тілі олимпиадасында  университетіміздің «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» мамандығы бойынша оқитын 2-курс студенті Сәуле Увакова жеңімпаз атанған еді. Осыған байланысты, сондай-ақ академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және университеттің құрылғанына 85 жыл толуына орай 2019 жылдың 13–20 сәуірі күндерінде Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының ағылшын тілі кафедрасы тілдік емес мамандық студенттері арасында ағылшын тілінен кезекті университетаралық олимпиада өткізді. Барлық тілдік емес мамандық студенттері ағылшын тілінен өз тілдік деңгейлерін тексеріп, басқа университет студенттерімен бәсекеге түсуге мүмкіндік алды.

Олимпиаданың бірінші кезеңіне Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан-Неміс университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ-Ресей медициналық университеті, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол академиясы, Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Халықаралық бизнес университеті, Нархоз университеті, Тұран университеті, Каспий университеті сияқты жоғарғы оқу орындарынан жүз он жеті студент қатысты.

 Бірінші кезеңде ең жоғары нәтижелерге ие болған 10 студент әрі қарай олимпиаданың екінші кезеңіне өтті. Сәтбаев университетінен: Зыков Илья, Искаков Бахтияр, Қуандықова Тоғжан. Жеңімпаздар арасында басқа университеттерден келген Дана Баймирова, Данагүл Амиралина, Ербол Абдыхалил, Жасұлан Қуан, Алика Тамрешева, Арайлым Игібаев, Камила Гатиятуллина болды.

Сөйтіп, екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Сәтбаев университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті Искаков Бахтияр мен АЭБУ «Ақпаратты қорғау жүйелері» мамандығының 1-курс студенті Жасұлан Қуан үшінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орынға  Сәтбаев университеті «Аспап жасау» мамандығының 1-курс студенті Қуандықова Тоғжан мен ХАТУ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-курс студенті Данагүл Амиралина ие болды. Ал ХАТУ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-курс студенті Дана Баймирова олимпиада жеңімпазы атаңды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды. Қалған 5 қатысушыға арнайы сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту