Сәтбаев университетінде Алғыс айту күні
Қазақстандықтар Алғыс айту күнін 2016 жылдан бастап 1 наурыз күні атап өтуде. Бұл мереке біздің көп ұлтты еліміз үшін аса маңызды болып келеді. Өйткені XX ғасырдың басында Қазақстанға Беларусь, Ресей және Украинадан 1,1 миллион адам қоныс аударды және қазақ даласы оларды қонақжай қабылдады. Алғыс айту күні Қазақстандағы этносаралық келісім мен достыққа деген құрмет болды.
Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
Алғыс айту күні– Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Осы орайда, 2022 жылдың 1 наурыз күні А. Машани атындағы базалық білім беру институтының "Қоғамдық пәндер" кафедрасы екінші курс магистранттарымен бірлесіп Университетіміздің №9 жас ғалымдар үйінде офлайн және онлайн форматта "Менің Қазақстаным-Менің Отаным!» тақырыбында жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталған семинар-трениг өткізді. Семинар-тренинг барысында магистранттар иновациялық әдістер және тренинг жаттығулары арқылы өз отанына деген сүйіспеншіліктері мен алғыстарын білдірді. Аталған шара магистранттардың бойында патриоттық, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты деген ойдамын.
Қоғамдық пәндер кафедрасының
сениор-лекторы Есбергенова Г.Б.