28 тамыз 2018 9213

Сәтбаев Университетінде Алматы қаласы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқу-жаттығу шаралары өтті

Сәтбаев Университетінде Алматы қаласы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқу-жаттығу шаралары өтті

Осы жылғы 24 тамызда Сәтбаев Университетінде Төтенше жағдайлар департаменті бастының орынбасары Тимур Шайзаданың басқаруымен Алматы қаласы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқу-жаттығу шаралары өтті. Өрт сөндірушілер оқу орны ғимаратының жоғары қабаттарындағы адамдарды өрт кезінде қалай құтқару керектігін, қалай өрттен шығарып алу керектігін үйретті. Бұл оқу-жаттығу шараларына Ректор аппаратының бастығы Берік Мықтыбаев пен Әскери іс институтының бастығы Болат Дарбеков қатысты.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстары үшін қажетті далалық штаб құрды, командалық-басқарушылық және жылдам көмек беру әдістерін көрсетті. Ал басшылық тарапы көрсетілген жаттығуларға бақылау жүргізіп, өрт сөндіру мен адамдарды құтқару кезінде кеткен қателіктерді анықтады. Оқу-жаттығу шараларына жалпы алғанда ТЖД-нің жеке құрамы, ІІМ-нің, жедел жәрдем және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Сәтбаев Университетінде Алматы қаласы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқу-жаттығу шаралары өтті

Сәтбаев Университетінде Алматы қаласы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқу-жаттығу шаралары өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту