19 наурыз 2021 5862

Сәтбаев Университетінде "Автоматтандыру және басқару" бағыты бойынша республикалық олимпиада өтеді

Сәтбаев Университетінде "Автоматтандыру және басқару" бағыты бойынша республикалық олимпиада өтеді

15-16 сәуірде Satbayev University «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасының II кезеңін өткізеді.

Әрбір университеттен құрамы  үш адамнан аспайтын команда қатыса алады (3 және 4 курс студенттері ), ал команда жетекшісі  – мамандандырылған кафедра оқытушылары арасынан тағайындалады.  Олимпиада тек жеке форматта өтеді. Командалық  қатысу қарастырылмайды.

Олимпиада келесі тілдерде өтеді: қазақ және орыс. Олимпиада онлайн форматта университеттің  корпоративті Microsoft Teams платформасында өтеді. Хабарландырулар мен  қатысушыларды онлайн тіркеу университет сайтында жүргізіледі.

Республикалық пәндік олимпиаданың тапсырмалары келесі міндетті компоненттер болып табылатын пәндер негізінде құрастырылған:

  1. Электротехниканың теориялық негіздері;
  2. Сызықтық автоматты басқару жүйелері.

Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін olimpiada.aiu-2021@satbayev.university  электрондық поштасына жіберіңіз.

Өтінімге келесі құжаттарды қосыңыз:

  1. Олимпиаданың 1-кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолымен расталған хат  немесе 2-ші кезеңге қатысуға университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі хаттамасымен рәсімделген ұсыныс;
  2. Қатысушының  өтініші (1-қосымша);
  3. Қатысушының жеке куәлігі / паспорты (көшірмесі);
  4. Оқу орнынан анықтама немесе студенттік билеттің көшірмесі.

Қатысушыда веб-камерасы бар (кіріктірілген немесе сыртқы) стационарлық компьютер (жұмыс үстелі немесе ноутбук) болуы керек.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушы университет есебінен жүзеге асырылады.

 

Конференция бағдарламасы
Өтініш формасы

Байланыс  телефондары:

Алдияров Нахыпбек Уалиұлы, n.aldiyarov@satbayev.university,  тел.: 8 777-274-63-01;
Сарсенбаев Нұрлан Сәдуақасұлы, n.sarsenbayev@satbayev.university, тел.: 8705-571-67-81 (whatsapp);
Қадыр Гулинур Алымжанқызы,. g.kadyr@satbayev.university, тел.:8705-279-14-15.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту