21 қазан 2022 2917

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде өткен «Болашақ біздің қолымызда!» атты студенттік конференция Қазақстан Республикасы күніне арналды және ол студенттерге жер туралы ғылым, менеджмент, экономика және техникалық ғылымдар саласында ғылыми жұмыс жүргізуге алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Конференцияға магистранттар мен докторанттар да қатысты.

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны ашты.

– Сіздер сияқты жас ұрпақ өкілдері еліміздің келешегін, жаңа бет-келбетін қалыптастырады. Сіздер жаңа белестерге ұмтыласыздар, бұл өз кезегінде бәріміздің болашағымызды қалыптастыратын жаңа идеялардың пайда болуына себеп болады. Сондықтан да бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жетуге, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!» – деді проректор.

Политехтағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Ерік Меркібаев одан кейін сөз алып, жастардың университет қызметіндегі рөлі туралы және ғылымға жаңадан ғана аяқ басқан ғалымдарға университет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Құттықтау сөздерден кейін қатысушылардың баяндамалары басталды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Конференция Д. Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығында өтті. Сондай-ақ конференция аясында университет студенттерінің кітаптары мен ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту