Ақпарат:

18 қазан 2024 912

Сәтбаев Университетінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы сейсмикалық жаттығулар өткізілді

Сәтбаев Университетінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы сейсмикалық жаттығулар өткізілді

Сәтбаев Университетінде кең ауқымда өткізілген сейсмикалық жаттығуларға студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері қатысты. Оқу жаттығуларына қатысушылар нақты белгіленген маршруттар бойынша оқу корпустарынан дереу шығарылды. Эвакуацияны университеттің қауіпсіздік қызметі үйлестірді.

Жаттығу жұмыстары студенттер мен қызметкерлерді ақпараттандыру, оларға ақпараттық материалдар тарату және жер сілкінісімен байланысты әртүрлі сценарийлермен жұмыстар жүргізуді қамтыды. Студенттер мен қызметкерлердің назарына жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер мен апаттық сөмкелерді дайындау, жақын маңдағы қабылдау пункттеріне бару жолдары туралы негізгі ережелер ұсынылды. Оқу-жаттығу жұмыстары Алматыда төтенше жағдайларға дайындықты тексеру мақсатында өтетін жалпықалалық азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуының бір бөлігі ретінде болды.

Мұндай дайындық жұмыстары сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан университет қалашығы үшін өте маңызды. Сондықтан да Сәтбаев Университетінің әрбір студенті мен қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, университет осындай дайындықтарға көп көңіл бөледі. Жаттығуларды тұрақты түрде өткізіп тұру нақты жағдайларда жылдам әрекет етуге және үйлестіру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Сәтбаев Университетінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы сейсмикалық жаттығулар өткізілді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту