Сәтбаев Университетінде «Coursera Day» іс-шарасы өтті
Университетте «Coursera Day» өтті, бұл – Satbayev University-де қыркүйек айынан бастап онлайн білім алып жүрген студенттердің оқу үдерісіне және оның нәтижелеріне арналған дәрістер топтамасы мен сұрақ-жауап сессияларын өткізетін платформа.
«Coursera Day» іс-шарасына Coursera компаниясының Азия елдері бойынша аға директоры Эклавья Бхаве және Орталық Азияда бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық директоры Эдуард Кан қатысты. Өзге спикерлермен бірге олар оқудың қыр-сырымен таныстырды, платформаның тарихына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Жиынның ашылу салтанатында Сәтбаев Университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева құттықтау сөз сөйледі, өйткені Coursera-ның Сәтбаев Университетінде жұмыс істеуі дәл осы институттың алаңынан басталған болатын.
– Сәтбаев Университеті қашан да инновациялық университет болып келеді, – деді Раиса Қабиқызы өз сөзінде, – міне, дәл осы қасиеті оған еліміздегі алғашқы техникалық университет атануына мүмкіндік берді. Студенттер дәл осы жерде халықаралық онлайн білім алуға алғаш рет қол жеткізгенінің де символдық мәні бар. Бұл қадам біздің халықаралық білім кеңістігіне кірігуге қабілетті екенімізді, бүкіл әлемге танылып, жаңа технологияларды меңгере алатынымызды дәлелдеді. Бұл бастама университетіміздің басқа да институттарында жалғасын табады деп сенемін.
Coursera платформасында оқыту сияқты инновациялық білім беру түрлері – Сәтбаев Университетінің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Онлайн білім беруді студенттердің күнделікті білім алу үрдісіне енгізу мақсатында университетте бірнеше семинарлар өткізіліп, көптеген жұмыстар атқарылды. Мұның жауабын студенттердің нәтижелері айтып тұр: екі семестрде олар жаңа форматқа үйреніп, ағылшынтілді білім беру ортасына үйреніп қана қоймай, оның ең жақсы қасиетін де меңгере білді. Болашақта университет оқытушыларының үздік дәрістері платформада лайықты орнын алатын болады.
Келесі қадам ретінде – ағылшын тілінде оқытуды университеттің күнделікті тәжірибесіне енгізу болмақ, яғни Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттері 2023–2024 оқу жылынан бастап сабақты ағылшын тілінде оқи алады. Бұл туралы «Coursera Day» іс-шарасында университет ректоры Мейрам Бегентаев мәлімдеді. Бұл бастама университетті халықаралық білім беру үдерісімен тереңірек біріктіреді және болашақ түлектер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жиын биылғы жылы IT саласы бойынша Coursera платформасында білім алған үздік студенттерді марапаттаумен аяқталды. Магистранттар Медет Ибрашовты, Мәди Ғали, Айбол Қабиев, Бибігүл Өтепбергенова мен Айгерім Жаниеваны және бакалавриат студенттері Амир Жұмағалиевті, Родион Белявцев, Аружан Назарова, Әлишер Бақыт пен Олжас Адылхановты құттықтаймыз! Оқу барысында алған икемді техникалық дағдылар оларға еңбекте табысты болып, тамаша мансап құруға көмектеседі.
Біз Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының оқытушылары мен студенттерін құттықтаймыз және Coursera-ның барлық студенттеріне оқуда сәттілік тілейміз!