Ақпарат:

18 қыркүйек 2024 812

Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг ашылды

Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг ашылды

Университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» ансамблі мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен ғылым және білім саласының көрнекті қайраткері Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг салтанатты түрде ашылды. «Дос-Мұқасан» галереясы аты аңызға айналған қазақстандық вокалды-аспапты ансамбльдің құрметіне арналды. Қазақстанның мәдени мұрасына топтың қосқан үлесіне өте зор. 1967 жылы әйгілі Политехтің қабырғасында құрылып, 1970-жылдары бүкіл әлемге танымал болған ансамбль әлі күнге дейін жастарға шабыт беріп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етіп келеді.

Галереяның ашылуына университеттің студенттері, оқытушылары мен түлектері жиналып, қазақстандықтар бірнеше буыны үшін топтың маңызды болғаны туралы естеліктерімен бөлісті. Ашылу салтанатына Сәтбаев Университетінің түлектері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылар Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов және Ұлықпан Сыдықов қатысты. Жиналғандар өз естеліктерімен бөліскені үшін Ұлықпан Сыдықов оларға алғыс білдірді. Галерея қонақтарға музыкалық топтың тарихымен оның мүшелеріне тиесілі суреттер және артефактілер арқылы танысуға мүмкіндік береді. Университет тарихында бұл осындай алғашқы ашылған галерея. Оның ашылуына сондай-ақ «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшелері Нұртас Құсайынов, Николай Буктуков және Данияр Құсайынов қолдау көрсетті.

Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг ашылды

Сонымен қатар Сәтбаев Университетінің құрметті профессоры және ғылыми мектебінің көшбасшысы Ұлықпан Сыдықовтың есімімен ашылған коворкинг таныстырылды. Коворкинг кеңістігі кітапханаға беріліп, ол оқу орталығына айналды. Қазір мұнда техникалық оқулықтардың, энциклопедиялар мен анықтамалардың коллекциясы жинақталған, сондай-ақ екінші қабат салынып, ыңғайлы үстелдер қойылған және білім алу мен ғылыми іс-шаралар өткізу үшін қолайлы жағдай жасалған.

Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг ашылды

Бұл екі бастама да елдің ең ежелгі, әрі ең беделді техникалық жоғары оқу орнының мәдени және ғылыми мұрасының маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Бұл университет 80 жылдан астам уақыт бойы техникалық прогресс, көшбасшылық және шығармашылықтың символы ретінде аталып келеді. Университет мұнай-газ және тау-кен саласында ашқан ғылыми жаңалықтарымен, аты Қаныш Сәтбаевпен тығыз байланыста екендігімен және атақты «Дос-Мұқасан» тобы туған alma mater екендігімен кеңінен танымал, ал соңғы жылдары – ілгері дамуға және инновацияларға ұмтылған студенттер мен жас ғалымдарға шабыт беретін ғылыми орталық ретінде белгілі болып отыр.

Сәтбаев Университетінде «Дос-Мұқасан» мүшелері портреттерінің ашық галереясы мен Ұлықпан Сыдықов атындағы жаңа коворкинг ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту