Сәтбаев университетінде Дүниежүзілік Стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті
13 қазан күні Дүниежүзілік Стандарттар күнін мерекелеу аясында Сәтбаев Университеті жанындағы KazStandard Academy мен «ҚазСтандарт» кәсіпорнының Алматы филиалы бірігіп, дөңгелек үстел өткізді. Оның тақырыбы – «Жақсы әлем туралы ортақ көзқарас. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсететін стандарттар».
Дөңгелек үстелге жоғары оқу орындарының және стандарттау саласы бойынша отандық тауар өндірушілердің өкілдері жиналды, оның ішінде Сәтбаев Университетінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, АТУ, ҚазҰАЗУ және Халықаралық инженерлік-технологиялық университет өкілдері бар.
Дөңгелек үстелді «ҚазСтандарт» РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Зайнулла Маненов жүргізіп, кіріспе сөз сөйледі. Ал Сәтбаев Университетінің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Итеменұлы Көлдеев кіріспе сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді ашық деп жариялады. Бірінші болып ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қабылбековтың баяндамасы талқыланды, ол баяндамасын биылғы Стандарттар күнінің ұраны – «Жақсы әлем туралы ортақ көзқарас» тақырыбына арнады.
Дөңгелек үстел басында қатысушылар заманауи стандарттаудың негізгі аспектілерін, соның ішінде ұлттық және халықаралық стандарттарды, сондай-ақ сертификаттау және стандарттау саласы бойынша құзыретті тұрақты және үздіксіз түрде жетілдіріп тұру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ олар стандарттау жүйесінде де, техникалық білім берудің сапасын қамтамасыз ету жүйесінде де жаңа тәсілдерді іздеу қажеттігіне назар аударды.
Баяндамашылар Ұлттық стандарттау жүйесі мен оның заманауи міндеттерді шешудегі рөлі туралы ақпарат беріп, кәсіпорындарға метрология және стандарттау мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел «ҚазСтандарт» кәсіпорны ұсынатын қызметтердің, атап айтқанда, техникалық реттеу және стандарттау саласы бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тағы басқа да қызметтер туралы ақпарат алу және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы және әлемдегі стандарттау және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған көптеген мәселелер мен бастамаларды талқылап, университеттер мен стандарттау қызметі арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті, өйткені мұндай қарым-қатынас техникалық салаларға қажетті кәсіби мамандарды даярлау деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл болашақта өзінің тамаша жемісін беріп, ғылым мен технологияның дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Бізге қосылыңыз, біз бәріміз стандарттау жүйесін дамытуға және инженерлік білім сапасын арттыруға біріге үлес қосайық!