Сәтбаев университетінде «Елбасы жолы» атты ақындар мүшәйрасы өтті
2019 жылдың 19 қарашасында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай Студенттік мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен жастардың шығармашылық ізденістерін арттыруға көмектесу, жас жазба ақындардың дағдыларын жетілдіру, олардың шығармашылығын қолдау, тәуелсіз елдің жетістіктерін, оның өткен тарихын және жарқын болашағын даңқтау, сол жолдағы Елбасының рөлін көрсету мақсатында «Елбасы жолы» атты ақындар мүшәйрасы өтті.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Серік Қалиев, ақын Шұғайып Сезімхан және ақын, ұстаз Қазырет Бердіхан жас ақындардың өнеріне жоғары баға беріп, техникалық білім ордасының студенттерінің ақындық өнеріне ризашылықтарын білдірді.
Мүшәйраға университеттің 1 және 2-курс студенттері қатысты. Жеңімпаздар 1-курс студенттері арасынан шықты: бас жүлдегер – Жанболат Жұлдыз атанса, 2-орын – Нұртай Ержанұлы, ал 3-орын Гүлнара Жұмашқа бұйырды.
Жеңімпаз өлеңі:
Ер мен ел
Дархан далам, әйгілім, есімі ерең
Қалайша кірмеймін мен төсіңе кең
Атыңды жаһаннамға танытпасам
Сенде тудым деп айтам несіне мен?!
Тауы мен бұлты таласқан
Сарыарқа деген жерім бар
Көк туымдай көк аспан
Астындағы ерің бар
Көксегенім қазақтың
Ері едім азатпын!
Дархан дала жерімде
Болмасыншы азап күн
Туған жерім!
Сөзімнің басындасың
Көзімнің жасындасың
Қара өлең иесінің
Жырлары таусылмасын
Жердегі көк киізді
Басыңнан асырмасын
Өзгелер саған келіп
Береке қашырмасын!
Ақынның сөзін сүбелі,
Жанымды жырға бөледі
Еліміз тыныш болса егер,
Ерің де сен деп өледі!