Ақпарат:

6 қыркүйек 2024 1937

Сәтбаев Университетінде Электр жетек жүйелеріне предиктивті қызмет көрсету технологиясының зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде Электр жетек жүйелеріне предиктивті қызмет көрсету технологиясының зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінің 90 жылдық мерейтойына орай Электр жетек жүйелеріне предиктивті қызмет көрсету технологиясының зертханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа оқу зертханасы электр машиналары мен өнеркәсіп жабдықтарының өндірісі бойынша әлемдік нарықта жетекші орын алатын WEG компаниясымен бірлесе отырып құрылды.

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзінде заманауи құрал-жабдықтардың арқасында университет студенттері заман ағымына ілесіп қана қоймай, әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан WEG компаниялар тобының бөлімшелеріне жұмысқа орналаса алатынын да атап өтті.

Зертхана студенттерге WEGSCAN діріл және температура сенсорларымен жабдықталған WEG редукторлары бар демонстрациялық стендтерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл олардың теориялық білімдерін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі заманғы энергетикалық индустрияда өте қажет құнды практикалық тәжірибе жинауға да мүмкіндік береді.

WEG Central Asia компаниясының бас директоры Сергей Мущенко университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық байланыс компанияның аймақтағы тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанда жасалған электр жабдықтарына сұранысты арттыратынына сенім білдірді.

«Зертхана ең заманауи және әмбебап құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл зертханадағы стендтер электр жетектері жұмысының кең ауқымын имитациялауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде апаттық жағдайдың деңгейі секілді көрсеткішті нөлге дейін төмендетеді. Сондай-ақ цифрлық бақылау мониторингі жүйеге жөндеу қажеттілігін алдын ала анықтай алады, бұл техникалық қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай азайтады. Мұның барлығы қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді», – деді Сергей Мущенко.

Зертхананың ашылуына негізінен Сәтбаев Университетінің түлегі Клара Тоқсанбаеваның ықпалы зор болды, бүгінгі таңда ол WEG компаниясының GR/ESG уәкілетті органдарымен жұмыс жөніндегі менеджер қызметін атқарады.

WEG – электр машиналары, жетек техникасы, өнеркәсіптік электр жабдықтары мен электроника өндірісі бойынша әлемдік үздік компаниялардың бірі. Компанияның өнімдері 5 континенттің 135 елінде ұсынылған. WEG компаниясы күн сайын 120 мыңнан астам электр қозғалтқыштарын жасап шығарады. Оның штаб-пәтері Бразилияда орналасқан, 14 елде оның 40-тан астам өндіріс орындары бар, ал 36 елде коммерциялық филиалдары бар.

Сәтбаев Университетінде Электр жетек жүйелеріне предиктивті қызмет көрсету технологиясының зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде Электр жетек жүйелеріне предиктивті қызмет көрсету технологиясының зертханасы ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту