20 қараша 2017 11071

Сәтбаев университетінде «Еврохим» байқауының үшінші іріктеу чемпионаты өтті

Сәтбаев университетінде «Еврохим» байқауының үшінші іріктеу чемпионаты өтті

2017 жылы 15 қарашада Сәтбаев университетінде «Еврохим» байқауының кейс бойынша үшінші іріктеу чемпионаты өтті. Әділ қазылар алқасы құрамында Сәтбаев университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ринат Искаков, «ЕвроХим-Каратау» кәсіпорнының техникалық директоры Олег Елин және университеттің профессор-оқытушылары болды.

– Қазіргі кезде біз өнеркәсібімізді автоматтандыру жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Келешекте жасанды интеллект енгізуді жоспарлар отырмыз, – деді өз сөзінде Олег Елин. – Мұндай чемпионатты біз екінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз, бір қуаныштысы – біздің бұл жобалардан күткен үмітіміз толықтай ақталып жатыр. Ал чемпионатқа қатысушылардың білім деңгейі жылдан-жылға жақсарып келеді, мұндағы ең үздік шыққан студенттерді біз «ЕвроХим-Қаратау» кәсіпорнына шақырамыз. Әрине, біз олардың жетістіктерге ұмтылатынына іштей қуаныштымыз.

Чемпионатқа Тау-кен-металлургия институтының ең үздік командалары қатысты, олардың құрамында студенттермен қатар әртүрлі мамандықта білім алып жатқан магистранттар да бар. Кәсіби мамандардан құралған әділ қазылар алдында өздерінің ғылыми жобаларын қорғау үшін 40-тан астам адам күнібұрын дайындалған болатын. Әрбір жобаны қорғау үшін оларға 7 минуттан уақыт бөлінді. Байқауға қатысушылар өздерінің білімдерімен қатар ойлау жасампаздығын, жылдам шешім қабылдай алатын қасиеттерін және спорттық дайындықтарын да көрсете білді.

Бұл іс-шараны «Надежная смена» қайырымдылық қорының өкілі Анна Матковская жүргізіп, байқауға қойылған жобалардың жоғары деңгейде екенін аБіздің қайырымдылық қор ресейлік және қазақстандық өндіріс орындарының кәсіби мамандарын халықаралық деңгейге көтеру үшін құрылған. Осы қордың өкілі ретінде мен талай-талай байқауға қатыстым, сондықтан да осы бүгінгі командалар бәрі бір деңгейде болды деп айта аламын. Әрине, олардың біреуі жеңсе, біреуі жеңілді. Жалпы алғанда, олардың білім деңгейлері бірдей.

Осы чемпионатқа қатысқан жобалардың арасында «Шахтер» командасының жобасы үздік деп танылып, олар алдағы 2018 жылы Мәскеуде өтетін финалдық чемпионатқа жолдама алды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту