Сәтбаев Университетінде гендерлік теңдік туралы дәріс өтті
Әйелдер тарихы айлығы аясында Сәтбаев Университетінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханымның «Women in STEM: Science, Technology, Engineering, Mathematics» тақырыбына арналған қонақтық дәрісі тыңдалды.
Сэвидж ханым өз дәрісінде студенттерге қазіргі заманғы гендерлік теңдік мәселелерінің маңыздылығы туралы, ғылымдағы әйелдер жайлы және әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау керектігі туралы айтып берді. Студенттер өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, әртүрлі тақырыптарды талқылады.
Бас консул сондай-ақ университет басшылығымен кездесіп, екі жақ тараптар өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегі туралы талқылап, университеттің ғылыми-зерттеу базасымен танысты. Кездесуге ғылыммен айналысатын техникалық кафедралардың әйелдер қауымы да қатысты.