Ақпарат:

18 наурыз 2022 3554

Сәтбаев Университетінде «Геокеңістіктік цифрлық инженериядағы инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Геокеңістіктік цифрлық инженериядағы инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Аталмыш халықаралқ конференцияға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Индонезия, Литва елдерінің ғалымдары, халықаралық университеттердің (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, ҚарТУ, ХОК, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті) өкілдері, сондай-ақ геодезия және картография, маркшейдерлік іс, жерге орналастыру, кадастр, сейсмология салаларын дамытудағы тәжірибесін жинақтау және талдау мақсатында тау-кен картографиялық-геодезиялық кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Конференция қазақстандық геомеханика мектебінің негізін қалаушы кемеңгер ғалым А.Ж.Машановтың туғанына 115 жыл және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген ғылыми қызметкер Ж.С.Ержановтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналып өткізілді. Ал конференцияның басты демеушілері – «Leica Geosystems Kazakhstan», «Altyntau Kokshetau», «Гео Мастер А», «Топоплан-3D», «InnoTech» және «АлГеоРитм» ғылыми-өндірістік компаниялары.

В Satbayev University прошла конференция «Инновационные технологии в геопространственной цифровой инженерии»

Осы мерейтойлық іс-шара аясында Сәтбаев Университетінде әл-Машани атындағы аудитория ашылып, геомеханика пәні бойынша жаңа оқу құралының тұсаукесері өтті. Аудиторияны ашу салтанатына ұлы ғалым Ақжан Машани негізін қалап, орнатып кеткен ғылыми дәстүрлерді жас ұрпаққа мұрагерлікке табыс еткен шәкірті Маржан Нұрпейісова мен немересі Раиса Машанова қатысты. Көрменің ашылу салтанатында техника ғылымдарының докторы, академик Баян Рақышев пен Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйледі.

Қатысушылар геокеңістіктік деректерді жинау мен өңдеудің инновациялық технологиялары, пайдалы қазбалар кен орындарын кешенді игеру және Қазақстандағы механика мен машина жасаудың келешегі туралы мәселелерді талқылады. Конференция аясында геодезиялық компаниялар мен Сәтбаев Университетінің шеберлік сабақтарын өткізілді, сондай-ақ заманауи геодезиялық құрал-жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды.

В Satbayev University прошла конференция «Инновационные технологии в геопространственной цифровой инженерии»

Конференция Қазақстанда қол жеткізілген ғылыми-техникалық тәжірибемен, идеялармен және алынған нәтижелермен өзара алмасу арқылы геодезия, Жерді қашықтықтан зондтау картографиясы, маркшейдерлік жұмыстар саласында мамандандырылған халықаралық бірлестіктердің, жетекші университеттердің, компаниялардың және осы сала мамандарының халықаралық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін шешеді.

В Satbayev University прошла конференция «Инновационные технологии в геопространственной цифровой инженерии»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту