Ақпарат:

29 сәуір 2025 366

Сәтбаев университетінде Германия мен Қазақстан арасындағы машина жасау және энергетика саласы бойынша ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде Германия мен Қазақстан арасындағы машина жасау және энергетика саласы бойынша ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде Германия мен Қазақстанның бизнес және өнеркәсіп өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда машина жасау және энергетика саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынас пен өзара инновациялармен алмасу перспективалары талқыланды. Бағдарламаның маңызды бөлігі – Алматы қаласының жетекші өнеркәсіп орындарына, соның ішінде Алматы ауыр машина жасау зауыты мен Hyundai Trans Kazakhstan компаниясына жасалған экскурсия болды.

Кездесуді Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов құттықтау сөзімен ашып, машина жасау мен энергетика саласын дамыту үшін халықаралық диалогтың маңызы өте зор екеніне тоқталды. Оған жауап ретінде Enertec Kraftwerke GmbH компаниясының бас директоры Юрген Бёттхер сөз сөйлеп, Сәтбаев университетінде қалыптасқан ғылыми шығармашылық атмосферасын ерекше атап өтті:

«Сіздердің университетіңіздің жаны бар сияқты. Мұнда біз көптеген «ақылды» шешімдерді көрдік, енді соларды Германияда қолдансақ дейміз», – деді ол.

Дөңгелек үстелге Алматы ауыр машина жасау зауытының, С.М.Киров атындағы машина жасау зауытының, Hyundai Trans Kazakhstan компаниясының, Тюрингия Экономикалық даму агенттігінің, сондай-ақ Германияның ең көне өнеркәсіп орталықтарының жетекші компаниялары болып саналатын Enertec Kraftwerke, Jenoptik және GFE Schmalkalden зерттеу ұйымының өкілдері жиналды.

Қатысушылар өз компанияларының жетістіктерімен және алдағы жоспарларымен таныстырып, Қазақстан мен Германияда машина жасау және энергетика саласы бойынша инновацияларды енгізу және дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Неміс тарапының өкілдері технологиялық ынтымақтастық қарым-қатынас жасау үшін қазақстандық кәсіпорындарға серіктестер іздеуде мамандандырылған агенттіктер арқылы тегін көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Биылғы наурыз айында Сәтбаев университетінің ректор Мейрам Бегентаев бастаған делегациясы Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен өндіріс орындарына іссапарға барған болатын. Бұл сапар Тюрингия Федеративтік мемлекеті Экономикалық даму агенттігінің шақыруымен өтті және инженерия, технологиялар трансферті мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейтудің маңызды бөлігіне айналды.

Сәтбаев университетінде Германия мен Қазақстан арасындағы машина жасау және энергетика саласы бойынша ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту