12 қаңтар 2023 3905

Сәтбаев Университетінде Herz Armaturen зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде Herz Armaturen зертханасы ашылды

Сәтбаев Университеті өнеркәсіппен ынтымақтастықты халықаралық деңгейде дамытуды жалғастыруда, осы саладағы келесі қадам ретінде Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтында «Жылу жүйесі» ғылыми-зерттеу зертханасының ашылуы болды.

Зертхананың ашылу салтанатына Австрияның Алматыдағы құрметті консулы Илья Зальцман, Федералдық экономикалық палатаның делегаты Клеменс Махаль және Herz концернінің иесі Герхард Глинцерер қатысты. Қонақтарды университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров пен Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев қарсы алды.

В Satbayev University открыта лаборатория Herz Armaturen

Жаңа зертхананың орталығы ретінде Herz Armaturen компаниясының өнімдері көрсетілетін оқу стенді болды. Стенд жылу және жылумен жабдықтау жүйелерін оқитын болашақ инженер-құрылысшыларға арналған және Қазақстан Республикасы құрылыс саласының оқытушыларының, инженерлік-техникалық және жобалау-өндірістік ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша курстар, семинарлар, дәрістер өткізуге мүмкіндік береді.

Herz Armaturen – сумен жабдықтау жүйелерін, жылыту және тоңазытқыш жүйелерін, т.б. жүйелерді монтаждауға арналған арматуралар мен бөлшектерді өндіру бойынша әлемдегі жетекші компания. Оның негізі 1896 жылы қаланған, ол Herz Group холдингінің құрамына кіреді және биомасса негізіндегі қазандықтар мен жылу сорғыларды өндіру бойынша жетекші орын алады, сондай-ақ Hirsch Servo AG компаниясымен бірлесе отырып, полистиролдан, полипропилен мен полиэтиленнен жасалған изоляциялық  материалдарды шығарады.

В Satbayev University открыта лаборатория Herz Armaturen

Компания Еуропа мен Орталық Азиядағы көптеген елдермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, сөйтіп студенттерге халықаралық білім алмасу бағдарламасы аясында оқуға мүмкіндік береді.

HERZ компаниясы оқу орталығына құрылыс факультеттерінің студенттерімен қатар колледждер мен мамандандырылған мектептердің студенттерін де қабылдайды. Екі жақ тараптар біздің университеттің студенттері мен оқытушыларын HERZ оқу орталығындағы тренингтер мен семинарларға қатысу үшін, жабдықтарды орнататын мамандардың біліктілігін арттыру үшін қабылдау мүмкіндіктерін талқылады.

В Satbayev University открыта лаборатория Herz Armaturen

Кездесу барысында Сәтбаев Университеті Қазақстанның жылу-энергетика саласының әртүрлі ұйымдарымен ғылыми-техникалық қарым-қатынастарды белсенді түрде дамытуға, соның ішінде университет студенттерін осы компанияның жабдықтарымен жұмыс істеуге үйрете отырып, Herz Armaturen компаниясының кадрлар даярлау саласындағы тәжірибесін жан-жақты таратуға қызығушылық танытатынын білдірді.

Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру мүмкіндігі туралы, Herz компаниясының кадрларды даярлауға қатысуы және басқа да ынтымақтастық қарым-қатынас түрлері туралы келісімдер талқылану үстінде.

В Satbayev University открыта лаборатория Herz Armaturen

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту