Сәтбаев университетінде HKTDC қатысуымен жасанды интеллект пен халықаралық сауданың келешегі туралы талқыланды

Сәтбаев университетінде HKTDC семинары өтті, онда Гонконг халықаралық сауданы дамыту кеңесінің (Hong Kong Trade Development Council) өкілдері Гонконгтың қазақстандық кәсіпкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы айтты. HKTDC аймақтық директоры Крис Ло және оның Орталық Азия мен Моңғолиядағы өкілі, Сәтбаев университеті Бизнес мектебінің директоры Ақеркін Эралиева қонақтарды кеңестің қызметімен таныстырып, Гонконг пен Қазақстан арасындағы сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегі, сондай-ақ логистика, инвестиция және білім беру бағдарламалары саласы бойынша ынтымақтастық қарым-қатынастың перспективалары туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Кездесуде Сәтбаев университетінің өкілдері Гонконгтың сауда дамыту кеңесімен және Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту жөніндегі QazAi қауымдастығымен өзара келісімдерге қол қойды. Соның арқасында университетте HKTDC-тің жаңа кеңсесі ашылады, ол жасанды интеллект саласы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға, инновациялық стартаптарды дамытуға және кадрларды даярлауға үлкен мүмкіндіктер береді.
«Менің ойымша, бұл бізге бірлесіп өсіп-жетілу үшін тамаша мүмкіндік», – деді Крис Ло өзінің құттықтау сөзінде. – Гонконгта сауданың, инновациялар мен логистиканың жаһандық орталығы ретінде үлкен әлеуеті бар. Біздің кеңселер халықаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлестерін қосады. Біз жұмысымызды бастайтын бірнеше тұстарды мен қазірден-ақ көріп тұрмын».
Гонконгтың сауда дамыту кеңесі – халықаралық сауда саласындағы әлемдік жетекші институттардың бірі болып табылады, ол – 35-тен астам ірі көрмелер мен конференцияларды, соның ішінде Азия қаржы форумы мен «Бір белдеу, бір жол» саммитін ұйымдастырушы. Кеңес Гонконгты жаһандық инвестициялық және іскерлік хаб ретінде алға жылжытады, осылайша компаниялардың, әсіресе шағын және орта бизнес кәсіпорындарының халықаралық нарыққа шығуына септігін тигізеді. Сонымен қатар HKTDC сандық арналар мен зерттеулер арқылы өзекті аналитикалық деректер мен нарықтық шолуларды ұсынады.
Еуразиялық сауда тізбегінде Қазақстан өз кезегінде стратегиялық рөл атқарып, материктік Қытай мен Еуропаны байланыстыратын буын ретінде қызмет етеді. Осы тұрғыда Қазақстанның білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға Гонконгтың қызығушылық танытуы логистикалық, инвестициялық және сауда-саттық жобаларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.