22 қараша 2019 3730

Сәтбаев университетінде Индустриалды-консультативтік кеңес өтті

Сәтбаев университетінде Индустриалды-консультативтік кеңес өтті

Үстіміздегі жылы 19 қараша күні Сәтбаев университетінде мұнай-газ саласына арналған Индустриалды-консультативтік кеңес өтті. Аталмыш жиын  адам капиталын дамыту жөніндегі Дүниежүзілік-экономикалық форумның алғашқы бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Кеңес құрамына Сәтбаев университеті мен Колорадо тау-кен мектебінің (АҚШ) өкілдерімен қатар Chevron, Eni, Shell, TCO, NCOC, Agip Karachaganak, Baker Hughes, Schlumberger, KazPetroDrilling, «ҚазМұнайГаз» және Назарбаев университетінің өкілдері де кіреді. Жиынның ашылу салтанатында университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков құттықтау сөз сөйледі.

Индустриалды-консультативтік кеңес 2018 жылы Дүниежүзілік-экономикалық форумның мұнай-газ бөлімшесі басшылық комитетінің бастамасымен құрылған болатын. Экономикасы дамып келе жатқан елдердің мұнай-газ саласына кәсіби мамандар жетіспейтіндігі туралы мәселені шешу алаңы ретінде Форум Сәтбаев университетін таңдап алған болатын. Кейіннен бұл кеңестің құрамына  «ҚазМұнайГаз», TCO, NCOC, KazPetroDrilling, Baker Hughes және Schlumberger секілді компаниялар енді.

Бағдарламаның мақсаты – Колорадо тау-кен мектебінің талай жылғы іс-тәжірибесін пайдалана отырып, мұнай-газ саласы бойынша жоғары білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкес және осы саланың талабына сай дамыту. Индустриалды-консультативтік кеңес университет пен индустрия арасындағы байланыс көпірі іспетті, оның басты міндеті – ынтымақтастық пен өзара сенімділікті орнату.

Кеңес жиынының нәтижесі бойынша осы жылы да ғылыми-зерттеу және диссертациялық жұмыстарға, зертхана базасына өзара қолдау көрсету арқылы профессорлық-оқытушылар құрамының білім дәрежесін одан әрі дамыту және практика бағдарламасынан кейін түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету туралы келісімдер жасалды.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту