21 қараша 2019 3835

Сәтбаев университетінде «ІТ-Хакатон» өтті

Сәтбаев университетінде «ІТ-Хакатон» өтті

2019 жылы 16–17 қараша күндері Сәтбаев университетінде ішкі «ІТ-Хакатон» жарысы өтті. «Хакатонға» 12 команда қатысты, олар бейресми жағдайда тапсырмаларды шешіп, қорытындысы бойынша өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Хакатонның жеңімпаздары:

1-орынды «Falcons» командасы иеленді, құрамы: Жанақбай Нұрайым, Бектұрсын Сара, Досымханова Ақмарал, Мұханғалиев Фархад. Команда «Шығармашылық жоба», студенттер қолдана алатын ойын жобаларын ұсынды.

2-орынды «Команда 1» командасы иеленді, олар «DrawHack Web қосымшасы» жобасын ұсынса, 3-орын алған «АВС» командасы оқытушылар туралы жалпы мәліметтерді енгізуді автоматтандыру жобасын ұсынған еді.

«Креативті студенттік идея» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломын «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенті Алихан Мурзаев жеңіп алды.

Сонымен қатар төмендегі номинациялар марапатталды:

  1. Прототип үшін – «ReatM» командасы;
  2. Іс-тәжірибе тәсілі үшін – «Vertex» командасы;
  3. Жаһандық тәсіл үшін – «Pied Piper» командасы;
  4. Бизнес тәсілі мен ынтасы үшін – «Atlants» командасы;
  5. Идея үшін – «АА» командасы.

Сәтбаев университетінде «ІТ-Хакатон» өтті

Сәтбаев университетінде «ІТ-Хакатон» өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту