11 сәуір 2019 4480

Сәтбаев университетінде кәсіби жобалық менеджерлердің мастер-кластар топтамасы өтті

Сәтбаев университетінде  кәсіби жобалық менеджерлердің мастер-кластар топтамасы өтті

Үстіміздегі жылы 4 және 5 сәуір күндері Сәтбаев университетінің Е. А. Түркебаев атындағы аудиториясында Е.А. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының «Бизнес және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби, сертификатталған жобалық менеджерлердің мастер-класы өтті. Бұл іс-шара Сәтбаев университетінің 85 жылдығы мен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында өткізілді.

Мастер-кластар магистратура, докторантура студенттері мен профессорлы-оқытушылар құрамы үшін өткізілді. Іс-шараның спикерлері болып «Теңізшевройл», «ҚазТрансКом», «БанкЦентркредит» және ҚР «Атамекен» ҰКП секілді ірі кәсіпорындарында жобаларды басқару тәжірибесі бар, өз ісінің мамандары сөз сөйледі. Бірінші күні «БанкЦентркредиттің» жобалау менеджері Мақсат Әбділдаев жобаларды басқарудың икемді технологиялары туралы қызықты ақпарат жайлы тыңдаушылармен бөлісті. Одан кейін Алматы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов сөз алды. Іс-шараның екінші күнін «Теңізшевройл» компаниясының жобалық менеджері Ренат Юсупов ашты. «ҚазТрансКом» бас директорының орынбасары Абай Аманов жобаның барлық кезеңдерінде стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың маңыздылығы мен мәні туралы қызықты ақпараттар жайлы айтып берді. Мастер-кластар сериясы ғылыми хатшы, институт магистранты Толқынай Садықованың жарқын және жанды презентациясымен аяқталды, ол шетелдік ЖОО-да оқытудың инновациялық әдістері мен оқу кезіндегі жобаларға қатысқаны жөнінде әңгімеледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту