10 желтоқсан 2021 4309

Сәтбаев Университетінде кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

Сәтбаев Университетінде кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

Үстіміздегі жылы 8 желтоқсан күні Сәтбаев Университеті қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымы филиалының кезектен тыс есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиынға университет институттарының кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, барлығы 45 кәсіподақ делегаты қатысты.

Жиналысқа қатысушылар кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстардың есебін тыңдап, Сәтбаев Университеті қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымы филиалының кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы мен мүшелерін, сонымен қатар университеттің бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады.

Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Мұқашева Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн режимде сөз сөйледі. Жиналысқа салалық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Әлия Әбиева, құқықтық жұмыс және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, сондай-ақ ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев арнайы келіп қатысты.

В Satbayev University прошло собрание профсоюзной организации

Жиында қаралған өзекті мәселе – жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы жаңа Ұжымдық келісімшартты талқылау болды. Делегаттар жаңа Ұжымдық келісімшарттың негізгі тармақтарын қарастырды, оның жобасы осы жиналысқа дейін 2,5 ай бойы талқыланған болатын. Жиын барысында жүзге жуық ұсыныстар мен ескертулер ескерілді.

– Сәтбаев Университетінің Ұжымдық келісімшарты – Қазақстан жоғары білім беру саласының ең үлгілісі болуы керек, – деп атап өтті Шолпан Өмірзақова.

Жиналыс соңында делегаттар 20 жылдан астам уақыт бойы Сәтбаев Университеті Бастапқы кәсіподақ ұйымының жетекшісі қызметін абыроймен атқарып, биыл зейнет демалысына шыққан Герт Мұраталиевтің зор еңбегін мақтанышпен атап өтті. Ал Шолпан Өмірзақова кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы болып тағайындалды.

В Satbayev University прошло собрание профсоюзной организации

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту