Ақпарат:

26 қараша 2021 4367

Сәтбаев Университетінде «Қазақстандағы жобалау менеджменті: жағдайы, мәселелері және болашағы» атты конференция өтті

Сәтбаев Университетінде «Қазақстандағы жобалау менеджменті: жағдайы, мәселелері және болашағы» атты конференция өтті

«Қазақстандағы жобалау менеджменті: жағдайы, мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қазақстандық белгілі ғалым,  қоғам қайраткері Цеховой Алексей Филипповичтің 80 жылдық мерейтойына арналды.

Конференцияға алыс-жақын шетелдерден келген 300-ден астам ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, Англия, Германия, Польша, АҚШ, Франция, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен қонақтар келді. Олардың арасында мемлекеттік органдардың, ірі, орта және шағын бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік жоғары білім беру және ғылым жүйесінің өкілдері бар. Басқа да қатысушылар үшін конференция сессиялары онлайн режимінде қолжетімді болды.

Конференцияның ашылу салтанатында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау сөз сөйлеп, университеттің он Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында жүргізіп отырған белсенді жұмысына тоқтала келе, Қазақстан экономикасы үшін басымдық роль атқаратын жобаларды атап өтті.

– Бүгінгі таңда елімізде «Жобалау менеджментінің» ғылыми мектебі қалыптасқан, оның негізін қалаған – профессор Алексей Филиппович Цеховой. Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен кәсіби жобалаушылар қауымдастығы дайындаған әлеуеттің өзара қарым-қатынасының арқасында Ұлттық жобалармен айқындалатын міндеттерді алға тартуға мүмкіндік туды», – деді Мейрам Бегентаев өз сөзінде.

Конференция екі күнге созылды. Конференцияның бірінші күні Қазақстандағы жобалау менеджментін дамытудың түрлі аспектілеріне арналған секциялары болды. Қатысушылар келесі секциялар бойынша баяндама тыңдады:

  • Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалау менеджменті
  • Индустрия 4.0 міндеттерін шешуде ірі компаниялар тәжірибесі
  • Үкіметтік емес сектордағы жобаларды басқару: әлеуметтік, ғылыми, қоғамдық жобалар
  • Шағын және орта бизнесті портфельдік  басқару арқылы дамыту
  • Сала бойынша жобаға жұмылдырылған мамандардың біліктілігін арттыру және ЖОО-ның жобалық қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Конференцияның екінші күні Кайдзен, Boscardi, Agile сияқты заманауи жобалау тәсілдерінің тәжірибелік мәселелері бойынша шеберлік сабақтары өтті.

Конференция барысында Алексей Цеховой жобалау менеджменті әдістерін қолдана отырып, жоғары оқу орындарының дамуын басқару туралы пленарлық баяндама жасады. Ал Сәтбаев Университетінің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров конференцияға модераторлық қызмет көрсетіп, осы үлкен жиынның материалдары ел экономикасының барлық салаларындағы менеджмент жүйесін жетілдірудің жақсы драйвері болатынына сенім білдірді.

Конференцияда Қазақстандағы жобалау менеджментінің даму тенденциялары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобаларды басқару, жобаларды басқару саласы бойынша мамандарды даярлау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Конференцияда көбірек талқыланған өзекті мәселе – жобалық басқару әдістерін мемлекеттік басқару орындарында және жоғары оқу орындарында қолдану мәселелері болды.

Конференцияны Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА) мен ҚР Жоба менеджерлері одағы бірлесіп ұйымдастырды.

 

Алексей Филиппович Цеховой

Қазақстандық белгілі ғалым, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев Университеті Е.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты кафедрасының профессоры, «Горный журнал» редакциясының Орталық Азия аймағы бойынша өкілі, Жобаларды басқару бойынша қазақстандық мектептің негізін қалаушы, қоғамдық және саяси қайраткер.

Алексей Цеховой Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы жөніндегі аса маңызды мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы сияқты үкіметтік емес ұйымдарды құруға және оларды дамытуға зор үлес қосты.

Алексей Цеховой қалың оқырманға арналған, әсіресе жобаларды басқару саласына бағытталған 250-ден астам ғылыми мақалалар, монографиялар, көптеген эссе, брошюраларды жариялады.

Көп жылғы ғылыми-педагогикалық жемісті қызметі үшін Алексей Цеховой КСРО Жоғары білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен, КСРО Жоғары білім беру министрлігінің «Еңбектегі тамаша табысы үшін» төсбелгілерімен марапатталған, сондай-ақ «III дәрежелі Тау-кен даңқы» және «II дәрежелі Тау-кен даңқы» төсбелгілерінің, «Жоғары кәсіпқойлығы үшін» берілетін ұлттық рейтингтік агенттігі сапа жұлдызының, ҚР МЦРИАП «Ұлт Қайраткері» және «Үздік байланысшы» төсбелгілерінің иегері.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту