Ақпарат:

25 мамыр 2021 5662

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның әскери кафедра басшыларына арналған семинар өтті

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның әскери кафедра басшыларына арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Сәтбаев университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастырған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедра басшыларымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында ағымдағы жылдан бастап әскери кафедраларда студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша да, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша да даярлау мәселелері талқыланды. Бұл 2020 жылы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін мүмкін болды.

Семинар қатысушыларына «Геотактика» тактикалық іс-қимылдарының виртуалды бағдарламалық жасақтамасы көрсетілді, бұл әскери кафедралардың оқу үдерісіне енгізу мақсатында Торайғыров Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің әскери кафедралары базасында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында сыналған.

Талқыланған мәселелердің бірі – коронавирус індетінің пандемиясы жағдайында әскери дайындықтан өткен резервті даярлау мәселесі болды.

Семинардың барлық мәселелері талқыланып болғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Талғат Калишев әскери кафедралардағы оқу процесін жетілдіру және сапалы әскери дайындықтан өткен резервті даярлау жөнінде тапсырмалар берді.

Аталмыш іс-шара елдің дамуындағы күрделі сыртқы жағдайларды, әсіресе коронавирустық инфекцияның ғаламдық пандемиясы салдарынан орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайды атап өткен Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырысында 2030 жылға дейін Әскери құрылысты және Қарулы Күштерді, басқа да әскери құрылымдарды дамыту тұжырымдамасының жобасын қарау кезінде әскери құрылыстар мен Қарулы Күштер конфигурациясын қазіргі заманауи шындық негізінде жасақтауда жаңа тәсілдер қажеттілігін атап өткен болатын.

Талгат Калышев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту