12 сәуір 2021 2882

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның индустрия өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның индустрия өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті

12 сәуірде Ғылым күніне арналған мерекелер аясында Сәтбаев Университетінде Қазақстан индустриясының өкілдерімен бірлескен «Индустриялық серіктестік» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Сәтбаев Университеті Ректорының міндетін атқарушы Амандық Тулешов, сала өкілдері, институт директорлары және университеттің жетекші ғалымдары қатысты. Ғылым және инновация жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Асқар Сыздықов модератор болды.

Қатысушылар жоғары оқу орындарындағы ғылым мен өндірістік кәсіпорындардың бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясы мен оларды кооперациялау және өндіріске енгізу мәселелерін, СУ түлектерін кәсіби маман ретінде даярлау және оларды жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.  Кездесу нәтижесінде іс-шаралар жүргізу жоспарын әзірлеуді жұмыс тәртібінде жалғастыру туралы келісім жасалды.

В Satbayev University состоялся круглый стол с представителями индустрии Казахстана

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту