20 қараша 2019 6071

Сәтбаев университетінде «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылымдар байқауы өтті

Сәтбаев университетінде «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылымдар байқауы өтті

13 қарашасында Satbayev University «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында университеттің студенттік жатақханалары арасында «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылым байқауы өтті.

Іс-шараның мақсатыЖастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық дәстүрлерді жандандыру, жастарды рухани жаңғырту, сонымен қатар дарынды жастардың талантын ашу.

Байқаудың қазылары – Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Айзат Сахова, кино актрисасы, кастинг-директор, режиссер Мадина Кульсеитова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Нұргүл Мыңғатова, кино актрисасы Әлия Жанатқызы және Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Айгерім Есбосынова байқауға қатысқан төрт жатақхана студенттерінің өнеріне жоғары баға берді.

Іс-шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі идеялары, отбасылық құндылықтар, қыз баланың тәрбиесі, қоғамда орын алып жатқан жастардың есірткіге еліктеу тақырыптары көтерілді. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 Сәтбаев университетінде «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылымдар байқауы өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту