12 сәуір 2023 2924

Сәтбаев Университетінде «ҚазҰТЗУ көктемі-2023» фестивалінің гала-концерті өтті

Сәтбаев Университетінде «ҚазҰТЗУ көктемі-2023»  фестивалінің гала-концерті өтті

«ҚазҰТЗУ көктемі-2023» 56-шы дәстүрлі өнерпаздар фестивалінің қорытынды гала-концерті 12 сәуір – Ғылым күні Политехта өтті.

«ҚазҰТЗУ көктемі» фестивалінің тарихы – атақты «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблі құрылған жылмен қатар басталған әйгілі мереке. Бұл фестиваль содан бері университеттің жыл сайынғы жарқын оқиғаларының бірі болып келеді, ол студенттердің есінде өнер мен қуаныш күндері ретінде мәңгі сақталады.

Фестиваль аясында экстрадалық нөмірлер байқауы ұйымдастырылды, бұл студенттер мен оқытушыларға өздерінің шығармашылық әлеуеті мен өнерлерін толық көрсетуге мүмкіндік берді, әрі оның ақшалай сыйлықтары да қомақты болды. Ал гала-концерт бағдарламасына институт өкілдерінің қолынан шыққан үздік қойылымдар енгізілді.

В Satbayev University прошел гала-концерта фестиваля «Весна КазНИТУ – 2023»

Биылғы гала-концерттің басты тақырыбы – тарих болды. Университеттің шығармашылық ұжымы Қазақстанның болашағына, білімі мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып, оны қазіргі біз білетіндей дәрежеге жеткізген тарихи тұлғаларға «мың тағзым» жасап, еске алуды ұйғарды. 2023 жылы біз мынадай тарихи тұлғалардың мерейтойын тойлаймыз:

  • Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығы;
  • Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы;
  • Төле бидің 360 жылдығы;
  • Абылай ханның 310 жылдығы;
  • Бұхар жыраудың 330 жылдығы;
  • Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығы;
  • Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы;
  • Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы;
  • Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы;
  • Ақан Серінің 180 жылдығы.

Бұл ғұламалардың өмірі студенттерге шабыт берді, ал университеттегі 56 жылдық тарихы бар дәстүрлі өнер мерекесі оларға өзін-өзі көрсетуге жаңа жол сілтеп, шығармашылық серпіліс жасауға көмектесті.

В Satbayev University прошел гала-концерта фестиваля «Весна КазНИТУ – 2023»

Гала-концерт тікелей эфир арқылы барлық әлеуметтік желілерде көрсетілді, ал кештің соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.  Сонымен, жоғары сыйлыққа ие болғандар:

Алған орны және ақшалай сыйлығы

Жеңімпаз

Институт

Гран-при

1 000 000 теңге

Санжар Сағынұлы

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

1-орын

500 000 теңге

Тілепбай Қуандықов

Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты

2-орын

300 000 теңге

Мейірман Бердали

Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

3-орын

200 000 теңге

Асыл Мақыжанова

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

«Жеңіске деген ниеті үшін» 100 000 теңге

Мақсат Мырзақұлов

Энергетика және машина жасау институты

«Көрермендер көзайымы» 100 000 теңге

Шыңдауыл Нұғыманов

Жобаларды басқару институты

В Satbayev University прошел гала-концерта фестиваля «Весна КазНИТУ – 2023»

В Satbayev University прошел гала-концерта фестиваля «Весна КазНИТУ – 2023»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту