Ақпарат:

19 наурыз 2025 978

Сәтбаев университетінде киберлік қылмыс пен деректерді қорғау тақырыбына арналған шеберлік сабағы өтті

Сәтбаев университетінде киберлік қылмыс пен деректерді қорғау тақырыбына арналған шеберлік сабағы өтті

Сәтбаев университетінде Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Криминалистика бөлімінің бастығы Азамат Қалиев дәріс оқыды. Ол студенттерге заманауи киберқауіптер туралы айтып берді және мессенджерлер мен әлеуметтік инженериядағы аккаунттарды бұзудың алаяқтық әдістерін өз мысалы бойынша көрсетіп берді.

Азамат Қалиев қазіргі қылмыскерлер азаматтарды алдау үшін жоғары технологиялық әдістерді, соның ішінде жасанды интеллект, әлеуметтік инженерия және дауысты алмастыру әдістерін қолданатынын, әрі бұл мәселе барлық азаматтарды алаңдатып отырғанын атап өтті.

– Ақшаңыз көп болмаса, сізді ешкім бұза алмайды деп ойламаңыз. Алаяқтарды сіздің қаржылық жағдайыңыз ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасайтын адамдармен байланыстарыңыз да қызықтыруы мүмкін. Мысалы, алаяқ сіздің атыңыздан ол адамдардан ақша сұрауы мүмкін, сосын оның салдарымен сізге күресуге тура келеді, – дейді сарапшы.

Азамат Қалиев өз дәрісінде әртүрлі алаяқтық жағдайлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді және жәбірленушінің қалайша «дроперге» – яғни ақшаны жасыру үшін немесе алу үшін банктік деректемелері пайдаланылатын адамға айналуы мүмкін екендігіне ерекше тоқталды. «Дропинг» – қылмысқа қатысу дегенді білдіреді және ол да қылмыстық жазаға тартылады. Қылмыстың бұл бағыты қазақстандық заңнамада таяуда ғана ресми түрде мойындалғанын, әрі құқық қорғау органдарынан белсенді жұмысты талап ететінін сарапшы баса айтты. Сонымен қатар ол интернеттегі алаяқтықтан қорғанудың ең бастысы – өз-өзіңе мұқият болып, қауіптің алдын алу екенін де атап өтті, әрі негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

  • Бөтен адаммен сөйлескен кезде интернеттегі, телефондағы жеке ақпаратты ашуға болмайды;
  • Телефонға келген сілтемелерді, белгісіз файлдар мен суреттерді ашуға және жүктеуге болмайды;
  • Оңай ақша табу жолын ұсынған адамдардың күмәнді ұсынысымен келісуге болмайды;
  • Ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріп тұру керек;
  • Белгісіз номерден келген телефон қоңырауына, ақша аудару жөніндегі ұсынысқа жауап беруге немесе кез келген код номерін айтуға болмайды.

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар киберқауіпсіздік және онымен күресу әдістері туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарды белсенді түрде қойды.

Сәтбаев университеті цифрлық сауаттылық пен базалық деректерді қорғауды жақсартуға бағытталған білім беру дәрістерін өткізу үшін жетекші сарапшыларды шақыруды жалғастыра бермекші, осылайша ол университет түлектерінің заманауи әлемнің сын-қатерлеріне дайын болуын қамтамасыз етеді.

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту