Ақпарат:

15 желтоқсан 2021 3711

Сәтбаев университетінде қолданбалы машиналарды оқыту зертханасы ашылды

Сәтбаев университетінде қолданбалы машиналарды оқыту зертханасы ашылды

Сәтбаев университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтында «Қолданбалы машиналарды оқыту» зертханасы ашылды.

Жаңа зертхана жас зерттеушілердің, докторанттар мен тәжірибелі ғалымдардың коллаборация, ынтымақтастық және идеяларды жүзеге асыру орталығына айналады.

Қолданбалы машиналарды оқыту» зертханасы Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Информатика бойынша докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық (ACeSYRI)» жобасының (тіркеу № 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JPP6) қолдауымен ашылды.

ACeSYRI негізгі мақсаты – ЕО университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту негізінде информатика саласындағы жас қазақстандық зерттеушілер мен аспиранттар үшін ғылыми-зерттеу жағдайларын жақсарту.

ACeSYRI қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, халықаралық зерттеу топтарымен бірлесіп жұмыс істеуге, ғылыми ақпаратпен және жоба нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік береді. ACeSYRI аумағында жұмыс тегін және студенттерге де, жас зерттеушілерге де қолжетімді.

Жоба 3 жылға есептелген және оны 4 еуропалық және 9 қазақстандық университет жүзеге асыруда. ACeSYRI енгізу Қазақстандағы жоғары білімді жаңғыртуға қосылған құнды үлес болып табылады. Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жағдайын жақсарту, сондай-ақ оларды өзекті зерттеу мәселелеріне тарту информатика саласындағы жоғары білім деңгейін арттырады деп күтілуде.

ACeSYRI жобасына университеттердің жас зерттеушілері мен профессорлары қатысады:

  • Жилин университеті (Словакия)
  • Лодза университеті (Польша, Лодзь)
  • Лотарингия университеті (Франция, Нэнси)
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (Астана, Қазақстан);
  • Назарбаев Университеті (Астана, Қазақстан);
  • Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы, Қазақстан);
  • Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы, Қазақстан);
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал, Қазақстан);
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда, Қазақстан);
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл, Қазақстан)
  • Сүлеймен Демирел атындағы Университет (Қаскелең, Қазақстан)
  • «Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар одағы (Алматы, Қазақстан)
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту