11 қазан 2022 3909

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

11 қазан күні Политехта Күміс университеттің ресми түрде ашылу салтанаты өтті.  

Күміс университет – аға буын азаматтарға арналған арнайы ашық білім беру ортасы. University of third age (Аға буын университет) – бұл ересек жастағы адамдардың өмірді белсенді және қызықты етіп өткізуіне, олардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсартуына, заманауи нарыққа сәйкес келетін екінші мамандық алуына көмектесетін халықаралық қозғалыс.

«Күміс университет» жобасы аға ұрпақтың ерекше дарынды және ақылды тұлғаларын біріктіріп, олардың өзін-өзі дамытуына және өз тәжірибесімен бөлісуіне жағдай жасайды. Қазақстанда бұл бағдарлама білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз білім беру және жұмыс тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді.

Аталмыш жобаға 58 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады. 2023 жылдан бастап жобаға қатысу талаптары төмендетіліп, «Күміс университет» жобасына 50 және одан жоғары жастағы адамдар да қатыса алатын болады. Жоба ересек жастағы жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Соның арқасында әйелдер жеке көмекші, жас мамандар тәлімгері, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші болып жұмысқа орналаса алады.

Сәтбаев Университетінде жобаның жұмысы қазіргі қоғам жағдайында ересек жастағы азаматтардың мүмкіндіктерін ашуға және өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталатын болады. Бірінші қадам ретінде «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру» бағдарламалары мен IT факультеті іске қосылады.

Болашақта Күміс университеттің базасында геронтоволонтерлік қызметті әртүрлі салаларда жүзеге асыру үшін ересек жастағы азаматтардың бойында қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған «Күміс заманның еріктілері» деген факультет ашу да жоспарланып отыр.

Осылайша ересек жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

Сәтбаев Университетінде Күміс университет салтанатты түрде ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту