Ақпарат:

21 қазан 2022 3492

Сәтбаев Университетінде Маделхан Даришев атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде Маделхан Даришев атындағы аудитория ашылды

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында 21 қазанда Сәтбаев Университетінде тау-кен инженері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Отан соғысының ардагері Маделхан Даришев атындағы аудитория мен мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Ғалым әйгілі Политехта өнеркәсіп экономикасы бағытының басталу кезеңінде тұрған еді. Аудиторияны техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Баян Рақышев пен Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев ашты.

Аталмыш іс-шарада ғалымның ізін жалғастырушылар, Маделхан Даришевтің қызы мен жиені – химия ғылымдарының кандидаты Ақгүл Даришева мен экономика ғылымдарының кандидаты Мағида Черманова құттықтау сөз сөйледі, олар ардақты туыстары туралы естеліктерін айтып, ыстық ықыластарымен бөлісті.

Мадельхан Даришев

Маделхан Даришев – тау-кен инженері, 1942 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген, өзі оқыған институтта «Металлургия өнеркәсібінің экономикасы» кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі. Маделхан Даришев институтты бітірген бойда майданға аттанады. Ол Ленинград әскери-әуе академиясына жіберіліп, Польша мен Румыния жерінде соғысады. 1946 жылы Әскери-әуе күштерінің инженер-механигі біліктілігін алып, демалысқа шығады. 1947 жылы Қаныш Сәтбаевтың шақыруымен Алматыға қоныс аударып, металлургия өнеркәсібін ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге кіріседі.

Маделхан Даришев кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Қазақ КСР ҒА Экономика институтына жұмысқа орналасады да, өзінің ғылыми еңбек жолын қалыптастыра отырып, Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің экономикасы саласындағы жетекші мамандардың бірі ретінде металлургия саласының күрделі мәселелерін шешуге атсалысады. Оның ерекше бір жетістігі – Қарағанды ​​металлургия комбинатының дамуын экономикалық тұрғыда негіздеу, ал енді бірі – Одақтың Мемлекеттік жоспарлау комитетінде Қазақстанның қара металлургиясының болашағын әзірлеу жөніндегі комиссияның жұмысына белсене қатысуы.

1967 жылы Маделхан Даришев Политехқа қайта оралып, оқытушылық қызметпен айналысады. Ол «Металлургия өнеркәсібінің экономикасы» кафедрасын ашып, лекция курсын құрастырады, сол кезде ерекше болып саналатын металлургия саласына қажетті мамандар мен ғылыми жетекшілерді даярлау ісіне кіріседі.

Маделхан Даришев 50-ден астам ғылыми еңбек жазды, қоғамдық өмірге белсенді түрде араласты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан зор үлесі үшін көптеген медальдармен марапатталған, ал еліміздің қара металлургия өнеркәсібі мен өнеркәсіп экономикасы саласындағы экономикалық зерттеулерді қалыптастыру мен дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін бірнеше грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Сәтбаев Университетінде Маделхан Даришев атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде Маделхан Даришев атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде Маделхан Даришев атындағы аудитория ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту