5 қараша 2018 14578

Сәтбаев университетінде оқуға грантқа ие болу үшін қанша балл алу керек?

Сәтбаев университетінде оқуға грантқа ие болу үшін қанша балл алу керек?

2018 жылға арналған білім беру гранттарының байқауы тамыз айында аяқталды. Биылғы жылы техникалық мамандықтарға бұрынғыға қарағанда 11 мың грант көбірек берілді, сондықтан бұл мамандықтарға оқуға түсу оңай болды. Мысалы, тіпті жоғары сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі» мамандығына өту үшін небары 65 балл жеткілікті болды.

Ал «Стандарттау және сертификациялау», «Көлік қозғалысы мен жүк тасымалын ұйымдастыру және көлікті пайдалану», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтарына түскісі келген талапкерлер аз болғанымен, түсу күрделірек болды. Аса жоғары сұранысқа ие «Экономика», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарына түсу қиындық туғызғанымен, еңбек нарығында бағдарламашыларға деген сұраныстың жоғары болуына байланысты «Ақпараттық жүйелер» мамандығына көбірек грант бөлініп, оған түсу үшін небары 68 балл да жеткілікті болып шықты.

Аңызға айналған Политехтың небір атақты да талантты түлектерінің есімдері елге жақсы таныс. Олар: атақты жазушы Ілияс Есенберлин, белгілі альпинист Қазбек Валиев, энергетика  вице-министрі Сәбит Нұрлыбай, Астана қаласының қазіргі әкімі, бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, «Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және басқалары. Олардың бәрі де Политех тәрбиесін көріп, осында білімін шыңдаған, болашақтың негізін осында қалаған.

Гранттық байқауға қатысу үшін ҰБТ-дан кем дегенде 65 балл жинау жеткілікті. Бейінді мамандықтарға түсу үшін қажетті шектік балл – 5 балл. Сәтбаев университетіндегі бейінді пәндер: физика, математика, биология, химия болып табылады. Төменде 2018 жылға арналған білім беру гранттары байқауының шектік баллдары берілген, олар сіздерге келесі жылы оқуға түсуге дайындыққа көмектеседі. 

2018 жылдың шектік баллдары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту