Ақпарат:

1 желтоқсан 2022 3143

Сәтбаев Университетінде өнеркәсіптің түрлі салаларындағы инновациялық технологияларға арналған конференция өтті

Сәтбаев Университетінде өнеркәсіптің түрлі салаларындағы инновациялық технологияларға арналған конференция өтті

30 қараша күні Сәтбаев Университетінде көрнекті ғалым Нариман Давильбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуы: мәселелері мен шешімдері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция аясында университетте профессор Н.Қ. Давильбеков атындағы VR-технологиялардың Цифрлық зертханасы ашылды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей және Польша елдерінің жетекші ғалымдары, Нариман Қалыбекұлының отбасы, шәкірттері мен әріптестері қатысты. Пленарлық отырысты Сәтбаев Университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мансұр Әлімханов ашты.

Конференция инновациялық технологияларды құру саласында жұмыс істейтін тау-кен металлургия, мұнай, энергетика салаларының ғалымдары үшін тұғырнама болды. Баяндамалар сонымен қатар материалтану және металл өңдеу, көлік, логистика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы әзірлемелерге арналды. Қатысушылар арасындағы белсенді желі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болды.

Осы ғылыми оқиғаны ұйымдастыруға себепші болған тұлға, көрнекті ғалым – Нариман Давильбеков, прокат өндірісі мектебінің негізін қалаушы, жоғары мектептің Халықаралық Ғылым академиясының академигі, «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі.

Нариман Қалыбекович – Қарағанды металлургия комбинатында көп уақыт жұмыс істеген өндірісші. 40 жылдан астам уақыт бойы оқытушылық қызмет атқара жүріп, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де жемісті түрде үнемі айналысты. Ол өзінің ғылыми зерттеулерін Қарағанды және Магнитогорск металлургия комбинаттарында жүргізді, ААМЖЗ-мен ынтымақтастықта болды, өндіріс мәселелерін шешіп, қара және түсті металдарды илемдеу процесіне инновациялық технологиялар жасап, енгізді.

Нариман Давильбеков 200-ден астам жарияланымның, 4 монографияның, 16 авторлық куәліктің, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Ол Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Оның көптеген шәкірттері Қазақстанның немесе ТМД-ның барлық металлургиялық және машина жасау зауыттарында жұмыс істейді. Олардың көпшілігі осы конференцияға жиналды. Конференцияны Сәтбаев Университетінің Энергетика және машина жасау институты ұйымдастырды.

В Satbayev University прошла конференция, посвященная инновационным технологиям в различных областях промышленности

В Satbayev University прошла конференция, посвященная инновационным технологиям в различных областях промышленности

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту