Сәтбаев Университетінде өткен ағылшын тілі апталығының қорытындысы
Биыл Satbayev University-де дәстүрлі ағылшын тілі апталығы сәуір айының соңғы күндерінде өтті. Апта бойы студенттердің, университеттің бүкіл педагогикалық құрамының шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін креативті конкурстар мен жобалар өткізілді.
Рок фестивалі стилінде салтанатты ашылу рәсімі Enactus Satbayev University студенттік ұйымының қолдауымен өтті. Студенттер қонақтарды университеттің live band сүйемелдеуімен қарсы алды, бірге ән шырқады, танымал фильмдердің саундтректерін болжады, сондай-ақ университеттің Сәтбаев командасымен бірге TikTok заманауи трендтеріне би биледі.
Ашылу салтанатынан кейін " Do something funny for money" ұранымен "Red Nose Day" қайырымдылық жәрмеңкесі жұмысын бастады, оның барысында ағылшын тілі кафедрасының қызметкерлері дайындаған нан өнімдерін сату және қаражат жинау жүзеге асырылды. Барлық түскен қаражат сал ауруына шалдыққан 5 жасар Батырхан Жанахметтің емделуіне жұмсалды.
Апта бойы студенттер Reading Project және Poster Project аясында өздерінің ерекше жобаларын көрсетті. Студенттер Джек Лондон, Фрэнсис Скотт Фицджералд, Рэй Бредбери, Уильям Шекспир, Шарлота Бронте және Льюис Кэрролл сияқты авторлардың еңбектеріне негізделген түрлі-түсті плакаттар мен публицистикалық жобалар жасауда өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Студенттердің әр тобы өз жобасын ағылшын тілінде ұсынып, жазушының шығармашылығы мен өздері таңдаған шығарманың сюжетіне қатысты әңгімеледі. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Әр кеш сайын университеттің акт залында байқау аясында ұйымдастырылған ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар өтті. Студенттер мизансахнада ағылшын әдебиетінің классикалық жауһарларын, музыкалық шоуларды, шытырман оқиғалы және ертегі туындыларын пайдалана отырып, өздерінің актерлік қабілеттері мен ағылшын тілін білетіндіктерін көрсетті.
Ағылшын тілі апталығының ең маңызды жобаларының бірі "I' m the next Satbayev"бейне-байқауы болды. Байқау әрбір қатысушыға өзінің өршіл жоспарларымен бөлісуге, шешендік және актерлік өнер дарынын, сенімін, сондай-ақ ролик жасауға креативті көзқарасын ашуға мүмкіндік берді. Отыздан астам студент өз бейнелерін қазылар алқасының назарына ұсынды. Жүлделі орындарды бірінші курс студенттері
Аружан Терекова
Альбина Асмамбет
және Нұрлан Әлпиев, Санира Сәкенова мен Әлібек Ғабдулиннің командасы иеленді.
Ағылшын тілі апталығының ең ауқымды жобасы бүкіл университет қызметкерлері арасындағы "Working life at SU" бейне - челленджі болды, онда 15-тен астам Департамент өздерінің жұмыс күндерін ағылшын тілінде бейнеледі.
Аптаның серіктестері Satbayev University, InterPress International House, "Құлақ және Аю" караоке клубы, сондай-ақ ағылшын тілі кафедрасы болды, олар жеңімпаздарға түрлі бағалы сыйлықтар мен жүлделер берді. Базалық білім беру институтының ағылшын тілі кафедрасы университеттің барлық студенттері мен оқытушыларына белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдіреді.