6 желтоқсан 2022 2450

Сәтбаев Университетінде ойын әзірлеушілердің Mythical Game Jam SU 2022 атты екінші республикалық фестивалі басталды

Сәтбаев Университетінде  ойын әзірлеушілердің Mythical Game Jam SU 2022 атты екінші республикалық фестивалі басталды

Mythical Game Jam – бағдарламашылар, 3D және 2D суретшілері, дизайнерлер, ойын дизайнерлері, жазушылар, музыканттар және елдің цифрлық нарығын дамытатын басқа да көптеген жас бейнеойын кәсіпқойлары үшін қызықты байқау. Бұл фестиваль «Жаңа Қазақстан» даму бағдарламасын қолдау аясында биыл екінші рет өткізіліп отыр. «Mythical Game Jam SU 2022» фестиваліне Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты TheHUB тәуелсіз жастар қауымдастығымен бірлесе отырып, ұйымдастырушы болды.

Биылғы жылы командалар өз ойындарын «Мифология» тақырыбына арнап жасайды. Бұл еркін тақырып, мұнда кез келген ел мәдениетінің мифологиясынан бастап, қазіргі заманға дейінгі мифологияны пайдалануға болады. Алайда түркі және қазақ мифологиясына арналған жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Фестивальді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп ашты, ол ойын әзірлеушілерді құттықтап, барлық шығармашылық идеялардың жүзеге асуына сәттілік тіледі.

– Біздің ел үшін ойынды (геймдев) дамыту – мүлдем жаңа сала болып табылады. Осы ауқымды іс-шараны өткізудегі бастамалары үшін еліміздің Ғылым және білім министрлігінің атынан Mythical Game Jam SU 2022 ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін, – деді министр.

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

Фестивальдің ашылу салтанатына Саясат Нұрбектен басқа Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мен Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев қатысты.

Осыдан кейін ойын индустриясы мен оған қатысты салалардан шақырылған спикерлермен конференция басталды. Конференция гибридтік форматта ашық түрде өткізіледі және барлығына қолжетімді болады. Барлық командалар үшін шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізіледі, онда сұрақтар қойып, кәсіби деңгейіңізді арттыруға болады.

Жарыс ертең басталады: фестиваль қатысушылары 48 сағат ішінде өз ойындарын әзірлейді, ал қазылар алқасы ең жақсы жобаны таңдап алады.

10 желтоқсан күні өтетін фестивальдің жабылу салтанатында жобалардың тұсаукесері болады, сіздерді соған шақырамыз. Мұнда ата-бабаларымыздың, жалпы әлемдік мәдениеттің мифтері, ертегілері, эпостары мен аңыздары әлеміне саяхат жасап, балалық шақты еске түсіруге болады.

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

В Satbayev University стартовал второй республиканский фестиваль разработчиков игр Mythical Game Jam SU 2022

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту