Сәтбаев университетінде педагогикалық шеберлікті дамыту бойынша семинар өтті
16-19 қыркүйек күндері «Мұнай инженериясы» кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық дамуы бойынша воркшоп өтті. Воркшопты Колорадо Тау-Кен Мектебінің «Мұнай инженериясы» кафедрасының оқытушы-профессоры Линда Батталора өткізді.
Воркшоптың негізгі мақсаты – оқудың «биік шыңы» (capstone) болып табылатын "Мультидисциплинарлық мұнай-газ жобасын орындау» және кәсіби тұрғыдан студенттерді дамытатын «Мұнай-газ инжиниринг семинар» пәндерінен оқытушылардың біліктілігін арттыру.
Воркшоп барысында жобалық оқыту, топ динамикасы, оқытушылардың рөлі, кейстер құрастыру, жұмыстарды бағалау; оқу бағдарламасын аккредиттациядаудағы жобалық пәннің қажеттілігі; инженерлік жобалар, техникалық ұсыныстар дайындау және есептер жазу сияқты тақырыптар қозғалды.
«Мұнай инженериясы» кафедрасы воркшопты ұйымдастыруға ат салысқан Колорадо Тау-Кен Мектебіне, Chevron, Eni, Shell компанияларына және университет басшылығына алғысын білдіреді.