6 желтоқсан 2021 4014

Сәтбаев Университетінде Ректорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сәтбаев Университетінде Ректорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кеңес отырысының күн тәртібінде Университет Ережесін бекіту, «Ақсақалдар алқасының» төрағасын сайлау, Құрметті ректорды сайлау, Сәтбаев Университетінің қайырымдылық қорын құру, Университет қызметкерлерінің ұжымдық шартын және әлеуметтік пакетті бекіту сияқты мәселелер қаралды.

Отырысқа Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев, Ректордың кеңесшісі Ұлықпан Сыдықов, Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, Ректорлар кеңесінің төрағасы Досым Сүлеев және кеңестің басқа да мүшелері қатысты.

Кеңес отырысы 2021 жылы 88 жасында дүниеден өткен көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы Еренғайып Шайхутдиновты бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталды.

Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев кеңес мүшелеріне университетті дамытуға қосқан үлестері мен көмектері үшін алғысын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

– Біздің ендігі басты міндетіміз – университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге қолайлы жағдай жасау. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз өз күшімізбен инвесторларды тарта отырып, университетімізде косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Университеттің концерт залын жөндеу жұмыстары аяқталды, онда Қазақ ұлттық инженерлік академиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті, – деді Ректор өз сөзінде.

Кеңесте көтерілген мәселелер толық талқыланып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Алтын медалімен» марапатталатын тұлғалардың тізімі бекітілді. Ал Баян Рақышев университеттің Құрметті ректоры болып сайланды. “Ақсақалдар алқасы” төрағасы болып Ұлықпан Есілханұлы Сыдықов тағайындалды.

В Satbayev University состоялся очередной Совет Ректоров университета

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту